Менеджер (басқарушы) өнеркәсіпте (жобаны дамыту)

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
1290

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
ДЕҚҚОҚ: ЖЖД жобаны бақылау процестеріне сәйкес жоба шеңберіндегі ДЕҚҚОҚ мәселелерін бақылау жұмыстарының талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және жоба әзірлеу бөлімдерінің бастықтарына қажетіне қарай қолдау көрсету; жоба әзірлеуге қатысты ақтық жобалық құжаттаманың ДЕҚҚОҚ стандарттары мен талаптарына, мұнай кен орындарын пайдаланудың әлемдік оңтайлы тәжірибесіне 
толық сәйкестігін қамтамасыз етуде жетекші рөл атқару;
• жобаны әзірлеуге қатысты барлық ақтық-жобалық құжаттаманы НКОК Жобаны басқару жүйесіне сәйкес әзірлеу және енгізу, барлық стандарттар мен тәжірибелерге (ҚР, НКОК стандарттары мен озық өндірістік тәжірибелер) сәйкестікті қамтамасыз ету бағытында бизнес-қызметтер ұйымдарымен, жобаны жүзеге асыру қызметтері жөніндегі топтармен және техникалық қызметтер тобымен жалпы жауапкершілікті ала отырып тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу;
• барлық жобаларға қатысты бүкіл әзірлеу жұмыстарын басқару:
• мердігерлердің ДЕҚҚОҚ, сапа, шығыстар мен жұмысты нәтижелі орындау мақсаттарын белгіленген ННКге сәйкес орындауын қамтамасыз ететін ортаны құруын қамтамасыз ету мақсатында мердігердің жоғары басшылығымен қарым-қатынас орнату;
• тұжырымдама таңдау және анықтау кезеңдерінде жобаларды жүзеге асыру жұмыстарының барлық компоненттерін әзірлеуге және жоғары сапаны қамтамасыз етуге жетекшілік ету;
• берік және тікелей қарым-қатынас арналарын орнату және МГКДҚ техникалық күтім жасау, ықтимал өзгерістер туралы хабарламалар жөніндегі топтармен, ӨОД-ның өзге де тиісті бөлімдерімен өзара әрекеттесу; 
• жергілікті қамту және шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу;
жобаны әзірлеу барысында алынған сабақтардың бүкіл НКОК ұйымында нәтижелі көрсетілуін және ескерілуін қамтамасыз ету; 
• ЖЖД келісімшарт жасау және сатып алу бөлімімен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы ЖЖД келісімшарты шеңберіндегі кез келген техникалық келісімшартты бағалау жұмыстарына қатысты процестерді, сәйкестікті қамтамасыз ету және бақылау шараларын жүргізу/енгізу және жүзеге асыру

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
• тиісті мамандық бойынша жоғары техникалық (немесе аспирантуралық) білімі;
• мұнай-газ өнеркәсібінде, құрлық және теңіз кешендерінде және қолданыстағы нысандарды жаңғырту/жаңа нысандар салу жобаларында ақтық инвестициялық шешім қабылданғанға дейін/қабылдау кезеңінде басшылық лауазымда - жобаны басқару/жобаны әзірлеу бойынша 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі;
• ДЕҚҚОҚ талаптарын сақтауға расталған құштарлығының болуы және ДЕҚҚОҚ бойынша жетекшілік ету, ДЕҚҚОҚ саласындағы көрсеткіштерге қол жеткізу;
• жобаны әзірлеу саласында үздіксіз жетілдіру шараларын қабылдау бойынша расталған тәжірибесі;
• жобаны басқару жүйелері/жобаның сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша дағдылары, сонымен қатар шағын және ірі жобаларда осы іспеттес жұмыстарды атқарған болуы тиіс. 

Қажетті қабілеттер

  • Проектирование
  • Управление рисками
  • стратегическое направление
  • развитие проекта

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)