Озық талдау және өзіндік құн басқармасының менеджері
«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- 1) бағаларды талдау бөлімінің қойылған жоспарларын іске асыру бойынша іс-шаралар жүргізу;
2) тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің бағаларын талдау мәселелері бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
3) сатып алынатын тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес ақпарат беру мүмкіндігі бар әлеуетті өнім берушілерден тауарлар/көрсетілетін қызметтер нарықтарындағы ағымдағы ахуалды зерделеу бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу және бағаларды талдауда көрсету болып табылады;
4) Сатып алынатын тауар өндіретін, Холдингтің мүгедектер ұйымдарының (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар) тізілімінде тұрған отандық тауар өндірушілерді, мүгедектер ұйымдарын (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар) анықтауды бақылау; отандық кәсіпкерлер – көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша;
5) жоспарланатын жылға арналған бюджетті және жылдық сатып алу жоспарын қалыптастыру кезінде тауарлар/көрсетілетін қызметтер бағаларының мониторингін бақылау;
6) нарықтардағы әлеуетті өнім берушілер туралы Сыртқы ақпарат көздерін жинау арқылы сатып алынатын тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің нарықтық құнын талдауды жүзеге асыруды бақылау;
7) процесті талдау бойынша есеп;
8) құн өзгеруінің серпінінің инфляциялық көрсеткіштерге сәйкестігі бөлігінде бір үлгідегі тауарлар/көрсетілетін қызметтер бағаларына салыстырмалы талдаудың жүзеге асырылуын бақылау.
Талаптар:
- Бейіні бойынша жоғары білім: экономика және / немесе маркетинг, және / немесе физика, және / немесе қаржы және / немесе құқықтану.
- Қызмет ерекшелігіне сәйкес салаларда кемінде 6 ай жұмыс тәжірибесінің болуы.
Шарттар:
- 5 күндік жұмыс аптасы, 8 сағаттық жұмыс күні
09.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін