«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Нұр-Сұлтан станциясының өндірісті қамтамасыз ету секторының жетекші инженер-технологі – МКҚК Ақмола филиалы

250374 - 280000
Станция Нур-Султан Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
438

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Отын-энергетикалық ресурстар (жылу энергиясы) бойынша есеп беру,
  • Біріктірілген басқару жүйесі (IMS);
  • «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалына – МКҚК Ақмола филиалына өтінімдерді уақытылы дайындау;материалдарды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға жыл сайынғы жиынтық өтінімдерді дайындау;
  • Нұр-Сұлтан стансасындағы цехтар үшін тауарлар мен материалдарды шығару лимиттерін белгілеуді, өндірістік қорларға қажеттілікті нақты және жоспарлы көлемге сәйкес келтіруді бақылау;
  • Секторға жүктелген міндеттерді орындау кезінде пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдардың есебін жүргізу ;
  • Негізгі құралдарды есептен шығару бойынша Нұр-Сұлтан станциясының комиссиясының қарауына құжаттарды дайындау;
  • Станция басшылығының қарауына шаруашылық объектілерін пайдалану және жөндеу бойынша станциялық ұсыныстарды қорыту және дайындау;
  • Тәуекелді анықтау (тәуекелдің сипаттамасы, себептері мен ықтимал салдары), бағалау (сапалық бағалау) және тәуекелді талдау (тәуекелдерді басқару бойынша ұсыныстарды талдау және дайындау);
  • Өтімді емес және артық қорларды сату бойынша жұмыс; Техникалық құжаттаманы жүргізу, электр жабдықтарына қажетті нұсқаулықтар мен ережелерді әзірлеуге қатысу;

Біліктілік талаптары:

  • Жоғарғы білім;
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (Көтеру және көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, Вагондар); құқықтану; Халықаралық құқық; Экономика; Басқару; Маркетинг; Қаржы; Есеп және аудит; Машина жасау; Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша); Құрылыс (темір жол құрылысы, жол құрылысы); Су ресурстары және суды пайдалану; Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру (темір жол көлігі).
  • Мамандығы бойынша немесе нақты лауазымдағы жұмыс өтілі: мамандығы бойынша жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр