Салықтар бойынша менеджер

"Эйр Астана" АҚ
Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
344

   Конкурс туралы

МІНДЕТТЕР:

  •  Салық бөлімінің жұмысын үйлестіру.
  •  Бухгалтерлік және салықтық есептің бірыңғай әдістемелік негіздерін сақтай отырып, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің ерекшеліктерін және мәліметтерді өңдеу технологиясын ескере отырып, салық есептілігінің барлық түрлерін жасау және салық органдарына тапсыру процесін бақылау.
  •  Салық кодексінде белгіленген мерзімде серіктестіктен бюджетке өз қызметі барысында туындайтын салықтардың және міндетті төлемдердің барлық түрлерінің төленуін бақылау.
  •  Салық салу объектілерінің пайда болу процестерін бақылау.
  •  Салық және бухгалтерлік баланстардың дұрыстығын растау. Ішкі және сыртқы клиенттердің сұранысы бойынша бюджетті, бизнес-жоспарды, салықтарға қатысты жиынтық есептілікті дайындау.
  • Салық және басқа заңнамаларды оңтайландыру және жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдармен және ведомстволармен өзара әрекеттесу.
  • Сұраныс бойынша Қоғамның салық міндеттемелері, оның ішінде жаңа жобалар бойынша кеңес беру.
  • Қаржы бөлімінің нұсқауларын, саясатын, процедураларын әзірлеуге қатысу.
  •  Көлденең мониторинг процесін ұйымдастыруға қатысу.
  • Сұраныс бойынша қызметкерлерді салық заңнамасын оқытуды ұйымдастыру.
  • Жұмысқа қабылдау процесін жүргізу, кадрлық мәселелерді шешу, жұмыс уақытының кестесін жүргізу.

ТАЛАПТАР:

  •  Жоғары білім, Салық/Есеп және аудит/Қаржы/Экономика.
  • Салық/бухгалтерлік есеп саласында 5 жыл немесе  одан да көп жұмыс тәжірибесі. Басшылық қызметте жұмыс істеу артықшылық болар еді.
  • Сертификаттар болуы артықшылық береді  (салық кеңесшісі/CAP/CIPA/кәсіби бухгалтер), ACCA/DipIFR емтихандарынан сертификаттар болуы.
  • Салық кодексін білу.
  • Ағылшын тілі - Intermediate немесе одан жоғары.
  • Қол астындағылармен тиімді қарым-қатынас, сыртқы және ішкі клиенттермен сәтті әрекеттесу дағдысы.
  • Өз бөліміндегі өзгерістерге жетекшілік етуге және мүдделі тараптармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын болу.
  • Зейінділік. Қол астындағы қызметкерлер берген ақпаратты талдай білу және кемшіліктерді анықтау.
  •  Көшбасшылық сапалар, жауапкершілік, жоғары талаптарға бағдарлану, мақсаттылық, коммуникативтілік, ізгі ниет, ұқыптылық, белсенділік, өз көзқарасын қорғай білу.