"Өндірісті басқару және HSE" департаментінің бас менеджері

“Qazaq Green Power PLC” қоғамдық компаниясы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
786

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) ЕТҰ жетекшілік ететін өндірістік бағдарламаларды әзірлеуге, іске асырылуын бақылауға және мониторингтеуге қатысады;
2) ЕТҰ өндірісін дамыту бойынша бизнес-бастамаларды қалыптастыру және өзектендіру жөніндегі жұмыстарды орындайды;
3) жетекшілік ететін ЕТҰ бойынша қайталанатын ауытқуларды қысқарту үшін түзету және алдын алу іс-шараларын әзірлейді;
4) ЕТҰ диспетчерлік кестесінің сақталуын және жедел жұмыс режимін бақылауды, уақтылы талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
5) Өндірістік және әкімшілік активтерді қолдауға инвестициялар бөлігінде ағымдағы, күрделі жөндеу және күрделі құрылыс жүргізудің бекітілген жоспарларының орындалуын, сондай-ақ болған технологиялық бұзушылықтарды есепке алуды және талдауды бақылайды;
6) ЕТҰ жетекшілік ететін нақты көлемдер бөлігінде өзге де жобалар мен іс-шараларға мониторингті және бағалауды жүзеге асырады
7) ЕТҰ жетекшілік ететін өзге де жобалар мен іс-шаралар тізбесін қалыптастыруды және өндірістік және әкімшілік активтерді жұмыс жағдайында ұстау бөлігінде өзге де жобалар мен іс-шаралар қоржынына/ішінен енгізу/Алып тастау үшін оны саралауды бақылайды
8) ауытқулардың себебін айқындай отырып, өзге де жобалар мен іс-шаралардың капведкалардың уақтылы іске асырылуын бақылайды
9) ЕТҰ іс-шараларының іске асырылуын және өндірістік-техникалық қызметін бақылауды, сондай-ақ ЕТҰ объектілерін пайдалану сапасы бойынша техникалық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;
10) ЕТҰ жетекшілік ететін объектілердің техникалық қауіпсіздігінің қажетті деңгейіне мониторинг жүргізуді бақылайды және қамтамасыз етеді;
11) жетекшілік ететін мәселелер бойынша ЕТҰ даму жоспарының орындалуын бақылайды;
12) өндірістік және әкімшілік активтерді қолдауға арналған инвестициялар бөлігінде компанияның даму жоспарларын қалыптастыруға, түзетуге және орындалуын бақылауға қатысады
13) ЕТҰ-ның технологиялық бөлігі бойынша инвестициялық жобаларына сараптама жүргізеді
14) шоғырландырылған есептерді қалыптастыру үшін жетекшілік ететін бағыттар бойынша ақпаратты уақтылы ұсынады, ЕТҰ ММР-есептерінің негізінде жасалған ҚНК және факторлардың өзгерістерін түсіндіреді
15) жетекшілік ететін ЕТҰ-ның қолданыстағы өндірісін жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасының және техникалық саясатының іске асырылуын әзірлеуге және бақылауға қатысады;
16) жетекшілік ететін ЕТҰ-да өндірістегі инциденттердің/істен шығулардың себептерін анықтауға уақтылы талдау және бақылау жүргізеді;

Талаптар:

Жоғары кәсіптік білім (Электр энергетикасы)
Кәсіптік саладағы практикалық жұмыс өтілі қызмет бейініне сәйкес кемінде 4 жыл (өндірістік процестерді түсіну үшін өндірісте жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн)

1) Электр энергетикасы саласындағы компаниялар өндірісінің стратегиялық бастамаларын қалыптастыру тәжірибесі.
2) энергетикалық компаниялардың өндірістік бағдарламаларын қалыптастыру және мониторингілеу тәжірибесі.
3) энергетикалық компанияның іс-шараларын іске асыру және өндірістік-техникалық қызметін бақылау тәжірибесі.
4) технологиялық бөлім бойынша компанияның инвестициялық жобаларын сараптау тәжірибесі.
6) Қазақстан Республикасының негізгі даму бағыттарын айқындайтын және Компанияның қызметіне және оның Орта мерзімді / жылдық өндіріс жоспарларына әсер ететін Қазақстан Республикасы мен "Самұрық-Қазына" АҚ құжаттарының талаптарын білу.
7) компанияның техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективаларын, стратегиясын, басымдықтарын білу.
8) өндіріс экономикасын білу және базалық шығындарды қалыптастыру тәжірибесі.
9) өндірістік активтердің сенімділігін басқарудың үздік тәжірибелерін білу
10) корпоративтік басқару қағидаттарын білу.
11) ағылшын тілін білу.
12) өндірістік талдау, оның ішінде өндіріс көрсеткіштерін есептеу дағдылары.
13) еншілес және тәуелді ұйымдарды басқару дағдылары
14) өндірістік активтердің сенімділігін арттыру үшін үздік тәжірибелерді қолдану дағдылары.
15) электр станцияларының жедел жұмыс режимін талдау және бақылау және диспетчерлік кестені сақтау дағдылары.
16) іскерлік хат алмасу дағдылары.

Қажетті қабілеттер

  • Управление производством

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)