"Жобаларды Басқару" Департаментінің Директоры

“Qazaq Green Power PLC” қоғамдық компаниясы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
48

Қаралған саны:
964

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарта отырып, жобаның ТЭН-ін әзірлеуді бақылау және ұйымдастыру;
2) жобаларды құрылымдауды және қаржыландыруды ұйымдастыруды бақылау
3) инвестициялық жобалар бойынша шығыстар тізбесі мен жоспарын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
4) компанияның инвестициялық жобаларын қаржыландыруды ұйымдастыру және инвестицияларды тарту мәселелері бойынша инвесторлармен, қаржы институттарымен, консультанттармен келіссөздерді, кездесулерді ұйымдастыру және қатысу;
5) заңнама талаптарының, халықаралық қаржы ұйымдарының нормалары мен қағидаларының, халықаралық қаржы институттарының қаражатын тарта отырып орындалатын жобалар бойынша келісімдер шарттарының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;
6) жобалардың компанияның инвестициялық саясаты мен стратегиясының талаптарына сәйкестігін бақылау және қамтамасыз ету;
7) күрделі жобаларды бағалауға және іске асыруға байланысты жұмыстарды орындау кезінде сыртқы консультанттармен жұмысты ұйымдастыру;
8) компанияның күрделі жобаларының қосалқы қоржынына енгізу үшін күрделі жобаларды айқындау және саралау жөніндегі жұмысты бақылау және ұйымдастыру және жобалар бойынша шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету;
9) күрделі жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстарды орындау кезінде акционермен, әріптестермен, мердігерлермен, кредиторлармен, мемлекеттік және уәкілетті органдармен, сыртқы консультанттармен өзара іс-қимыл жасау;
10) Инвестициялық саясат пен инвестициялық бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету және бақылау;
11) жобалар мен іс-шаралардың теңгерімді портфелін қалыптастыруды қамтамасыз ету және оны корпоративтік рәсімдерге сәйкес бекіту
12) жобалар мен іс-шаралар портфелінің мониторингін қамтамасыз ету, сондай-ақ жобалар мен іс-шаралар портфелінің өзгерістері мен тәуекелдерін басқару;
13) компанияның даму стратегиясын, компанияның инновациялық-технологиялық стратегиясын, компанияның және ЕТҰ инвестициялық бағдарламасын, жетекшілік ететін бағыттар бойынша компанияның және ЕТҰ-ның даму жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысуды қамтамасыз ету;
14) күрделі жобалар бойынша қаржылық модельдердің уақтылы келісілуін және мониторингін қамтамасыз ету және бақылау;
15) күрделі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету және бақылау;
16) күрделі жобалар мен портфельді басқару үшін әдіснамалық базаның өзектілігін қамтамасыз ету және бақылау;

Талаптар:

Жоғары кәсіптік білім (экономикалық, қаржылық, энергетика)

Басқару (менеджмент)саласында МВА дәрежесінің немесе қосымша білімнің болғаны жөн;

Жобаларды басқару бойынша халықаралық кәсіби сертификаттаудың болғаны жөн: РМВОК, РМА, IPMA.

Кәсіптік саладағы практикалық жұмыс өтілі қызмет бейініне сәйкес кемінде 5 жыл

Қызмет бейініне сәйкес басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл

Қажетті қабілеттер

  • - Управление проектами

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)