Әкімшілік-шаруашылық қызметінің жөндеу жұмыстары бойынша бас менеджері
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ филиалы - «Энергосбыт» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және ғимараттар мен үй-жайлардың өрт қауіпсіздігінің ережелеріне сәйкес шаруашылық қызмет көрсетуді және тиісті жағдайды қамтамасыз ету, қызметкерлердің тиімді еңбегі үшін жағдайлар жасау.
- Серіктестіктің негізгі қорларын (ғимараттарды, сумен жабдықтау жүйлерін, ауа құбырларын және басқа да құрылыстарды) ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеуге, шаруашылық шығындар сметаларын жасауға қатысу.
- Серіктестік ғимараттарын салуға, реконструкциялауға, ағымдағы және күрделі жөндеуге жоспарланған шығындар бойынша бюджетті қалыптастыруға қатысу.
- Құрылыс, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру үшін бас мердігер ұйымды таңдау бойынша тендерді өткізуге құжаттарды дайындауға қатысу;
- Қызметтерді көрсетуге шарттар жасасу үшін қажетті материалдарды ресімдеуді ұйымдастыру, кеңсе керек-жарақтарын, қажетті шаруашылық материалдарын, жабдықтар мен құралдарды алу және сақтау, олармен Серіктестіктің бөлімшелерін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың шығындарының есебін жүргізу және белгіленген есептілікті жасау;
- Жобалау және құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерді орындауын бақылау, қажет болған жағдайларда шарттарда көзделген санкцияларды ұсыну;
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуына және мердігерлік құрылыс ұйымдарынан аяқталған объектілерді қабылдауға техникалық қадағалауды жүзеге асыру;
- Күрделі құрылыс жоспарларының орындалу барысын, құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерінің, мерзімдерінің және сапасының, сондай-ақ қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың сапасының бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормалары мен қағидаларына, стандарттарға, техникалық шарттарға, еңбекті қорғау нормаларына, өрт қауіпсіздігі және еңбекті ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкестігін бақылау;
- Құрылыс, реконструкциялау және т.б. объектілерінің құнын төмендетуді және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ететін неғұрлым прогрессивті технологиялық процестерді, конструктивтік шешімдерді енгізумен байланысты өзгерістерді жобаларға енгізу туралы мәселелерді шешуге қатысу.
Талаптар:
-
Жоғарғы білім. Құрылысты және басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек
Шарттар:
-
Қалыпты
Ұқсас вакансиялар
Менеджер проекта КТ
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
13.04.2026 | 190
Менеджер проекта КТ
«Қазақтелеком» АҚ | Жартылай қамтылу
| Астана қ.
13.04.2026 | 114
Директор по капитальному строительству и эксплуатации СФ
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
07.04.2026 | 375