«ХИМ-плюс» ЖШС Бас директорының өндірістік мәселелері бойынша орынбасары
«ХИМ-плюс» ЖШС Тасөткел а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Стратегия және жоспарлау;
- Өндіріс жоспарларын құруды ұйымдастыру;
- Бизнес мүмкіндіктерін іздеу және бағалау, өнімді сатуды кеңейту;
- Өндірістік және коммерциялық басқару мониторингі жүйесін енгізу;
- Өнімді өткізу бойынша бағалау, сараптама және талдау;
- Өндірістік құжаттаманы басқару;
- Бюджеттік бақылау;
- Жобалау қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету;
- Кәсіби ресурстармен қамтамасыз ету, оқыту;
- Стратегиялық маркетинг;
- Жақсарту мүмкіндіктерін анықтау;
- Тәуекелдерді басқару және сәйкестік;
- Негізгі ішкі және сыртқы өзара әрекеттесулерді басқару;
- Персоналды басқару.
Талаптар:
Жұмыс тәжірибесі:
- Ірі өндірістік компанияларда/холдингтік компанияларда инвестицияларды басқару/ бизнесті дамыту / менеджмент / жобалау және құрылыс/жобалау қызметін ұйымдастыру саласында кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі, басымдылық химия, мұнай-химия салаларында (немесе аралас салаларда);
- Серіктестіктің қызмет ауқымы, күрделілігі және кіріс көлемі бойынша салыстырылатын химия, мұнай-химия саласындағы (немесе аралас салалардағы) ірі өндірістік компанияларда/холдингтік компанияларда басшылық жұмысының кемінде 5 жылдық тәжірибесі;
- Жобаларды басқару тәжірибесі басымдылық химия, мұнай-химия салаларында (аралас салаларда);
- Өндірістік компаниялардағы/холдингтік компаниялардағы жұмыс тәжірибесі (жақсырақ химия, мұнай-химия салалары (немесе онымен байланысты салалар);
- Бизнесті дамыту, инвестициялар және т. б. мәселелері бойынша халықаралық әріптестермен келіссөздер жүргізу тәжірибесі
Білім:
- Бизнес-басқару (менеджмент)/ экономика/ қаржы/ техникалық ғылымдар/ құрылыс/ сәулет немесе инженерлік жүйелер саласындағы жоғары бейінді білім;
- «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесінің немесе басқару (менеджмент)саласында қосымша білімнің болғаны жөн.
Дағдылары:
- Ұйымның тиісті экономикалық қызметінің және қаржы-экономикалық қызметінің даму бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу;
- Бейінін, мамандануын, ұйым құрылымының ерекшеліктерін білу;
- Ұйымның техникалық және қаржылық-экономикалық жағдайының дамушылықтарын білу;
- Ұйым өнімдерін өндіру технологиясының негіздерін, ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметінің жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін білу;
- Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, көліктік қызмет көрсету және өнімді өткізу тәртібін білу, тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру;
- Әртүрлі сыртқы және ішкі мүдделі тараптармен (мемлекеттік органдар, кәсіподақ ұйымдары, өндірістік алаңдар, БАҚ және т.б.) тиімді өзара іс-қимыл жасау;
- Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, салық салу, банк қызметі саласындағы ҚР заңнамасын білу;
- Халықаралық және ұлттық қаржылық есептілік стандарттарын білу (IFRS / US GAAP);
- Қысқа, орта, ұзақ мерзімді жоспарлаудың бизнес-процесін ұйымдастыруды білу;
- Бизнесті жоспарлау, маркетинг теориясы мен әдістерін, маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістерін білу;
- Химия, мұнай-химия өнімдерін маркетинг және өткізу саласындағы салалық тәжірибелер мен технологияларды білу (сату арналары, зерттеулер, өнімдер, жарнама және т.б.);
- Инвесторлармен және кредиторлармен келіссөздер жүргізу дағдылары;
- Жобалық менеджмент, трансформация негіздерін меңгеру дағдылары;
- Ағылшын тілін білу (басымдылық).
Құзыреттері:
- Адамдарды басқару;
- Көшбасшылық;
- Стратегиялық ойлау;
- Жетілдіруге бағдар;
- Командада жұмыс істеу;
- Тиімді байланыс;
- Тұрақты өзін-өзі дамыту;
- Өзгерістерді ілгерілету.
Қажетті қабілеттер
- Управление производством
- Контроль за производством
- управление персоналом производства
- • Опыт управления проектами предпочтительно в химической, нефтехимической отрасли
Ұқсас вакансиялар
Химиялық талдау зертханашысы
Степногорск күкірт-қышқыл зауыты - "SSAP" ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Степногор қ.
26.12.2024 | 583
Аспап жасау және автоматтандырылған басқару слесары
Степногорск күкірт-қышқыл зауыты - "SSAP" ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Степногор қ.
26.12.2024 | 743