Басқарма Төрағасының геологиялық барлау және өндіру жөніндегі орынбасары
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.Міндеттері:
- Стратегиялық жоспарлау
Қоғамды геологиялық барлау, газ өндіру, перспективалы жобалар бөлігінде дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындау мақсатында, Қоғамның даму стратегиясын әзірлеуге қатысады.
- Газ бойынша ресурстық базаны ұлғайту
Қоғамның даму стратегиясына, сандық және сапалық жоспарларына сәйкес газ бойынша ресурстық базаны ұлғайту жөніндегі қызметті жоспарлайды, ұйымдастырады және ұсыныстар/ жобалар дайындайды.
- Табиғи/ілеспе газды және газ конденсатын өндіру және барлау
Қоғамның даму стратегиясына, Қоғамның регламенттері мен саясаттарына, геологиялық барлау және газ өндіру саласындағы дамудың стратегиялық басымдықтарына сәйкес, өндірудің жоспарланған деңгейлерін орындауға және көрсетілген кен орындарында барлау жоспарларын орындауға, инфрақұрылымды оңтайлы пайдалануға, операциялық жүйелерді талдауды ескере отырып, өндірудің көлемі мен қорлары бойынша міндетті есептілікті бағалауға, дайындауға және мемлекеттік органдарға тапсыруға жауап береді.
- Жақсарту мүмкіндіктерін анықтау
Бизнес қажеттіліктері шеңберінде нарықтағы ішкі, сондай-ақ сыртқы оқиғалар мен үрдістерді талдау негізінде шығындарды азайту, кірістерді арттыру және Қоғамдағы процестер мен жүйелерді жақсарту бойынша ұсыныстар береді.
- Тәуекелдерді басқару
ҚР реттеушілері мен заңнамасының талаптарын, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қаржылық, операциялық, құқықтық және т.б. тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі саясатын ескере отырып, Қоғамда өз бағыты бойынша саясаттардың, рәсімдер мен регламенттердің болуын, сондай-ақ қаржылық және имидждік шығындардың барлық түрлерін барынша азайту үшін қызметкерлердің оларды дұрыс түсінуін қамтамасыз етеді.
- Жобаларды басқару
Стратегиялық бастамаларды іске асыру мақсатында және бекітілген бюджеттер мен мерзімдерге сәйкес өз бағыты бойынша инвестициялық және өзге де жобаларды іске асыруға жауапты болады.
- Персоналды басқару
Есеп беретін бөлімшелер қызметінің негізгі көрсеткіштерін, Қоғам бизнесін дамытудың саясаттарын, ережелері мен стратегиялық басымдықтарын тұжырымдайды және коммуникацияларын жүзеге асырады, жұмыскерлердің уәждемелігі мен еңбек өнімділігін тұрақты арттыру үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру және қолдау мақсатында, басқарылатын командада өнімді жұмыс климатын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Жетекшілік етілетін процестерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі міндеттер, сондай-ақ аталған лауазымдық міндеттерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін тәртіптік және заңнамада белгіленген өзге де жауапкершілік. Бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
- Корпоративтік басқару және тұрақты даму
Жалғыз акционердің Корпоративтік басқару кодексі және Іскерлік этика кодексі шеңберінде корпоративтік басқару және тұрақты даму жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді, Қоғам менеджменті іс-әрекеттерінің тиімділігі мен айқындылығын қамтамасыз етеді.
- Ішкі және сыртқы өзара қатынастарды басқару
Талаптар:
-
Жұмыс тәжірибесі:
Мұнай-газ немесе корпоративтік даму, немесе экономика және кәсіпорындарды басқару саласында кемінде 11 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде лауазым қызметінің бейіні бойынша басшылық позицияларда кемінде 6 жыл жұмыс тәжірибесі немесе ірі мұнай-газ жобаларына басшылық ету.
Мұнай-газ саласындағы геологиялық барлау және өндіру қызметі жөніндегі жобаларда тәжірибесінің болғаны жөн.
Білімі:
Жоғары кәсіптік білімі: геология және мұнай мен газ кен орындарын барлау саласындағы техникалық.
Халықаралық аккредиттелген немесе ұқсас сертификаттары бар бағдарлама бойынша MBA//EMBA дәрежесінің болғаны жөн.
Геологиялық барлау және өндіру жөніндегі жобаларды басқару саласындағы халықаралық біліктілігінің (сертификаттарының), NEBOSH/ PMP/ IPMA немесе ұқсас сертификаттарының болғаны жөн.