Смета әзірлеу тобының жетекшісі (Estimating Team Lead)

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
1372

   Конкурс туралы
Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
• химиялық технология, жалпы құрылыс жұмыстары, инженерлік механика немесе ұқсас сала бойынша жоғары білімі;
• шығындарды бағалау саласында 8 жылдан аса жұмыс тәжірибесі, сонымен қатар мұнай және газ саласында 10 жылдан аса жұмыс тәжірибесі; 
• ірі күрделі жобада смета әзірлеу тобының супервайзері немесе жетекшісі лауазымында жұмыс істеген тәжірибесі;
• жобаның бірнеше кезеңдерін (тұжырымдама, таңдау, анықтау, іске асыру, пайдалануға тапсыру) және оған қатысы бар негізгі кезеңдерді қамтитын күрделі жобаларға тағайындалу тәжірибесі;
• күрделі жобаны басқару құрылымы, негізгі жұмыс процестері мен озық тәжірибелер бойынша білімі;
• бірқатар жобаларды басқаруға тағайындалған болу (мысалы, жобаны басқару, жобаның жүзеге асырылуын бақылау, жүзеге асыруды жоспарлау, шығындарды бағалау, жоспарлау және кесте құру) және кәсіби деңгейдегі дағдылары;
• келісімшарт жасау және сатып алу, қаржы бөлімінің бақылау жөніндегі мамандарымен, жасақтамалар бойынша жоспарлау бөлімімен жұмыс істеу тәжірибесі және елеулі қарым-қатынас жасау мүмкіндігі;
• тиісті құжаттар мен оқу материалдарын (мысалы, процестер мен процедуралар, жұмысты орындау жобалары, жоспарлары және оқу материалдары) әзірлеу, шолу жасау, сын-пікір білдіру және назарға жеткізу. 

Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:

• жобаны басқару бойынша мықты білімімен қоса жаңадан жүзеге асырылатын және қолданыстағы өндірісте іске асырылатын күрделі жобалар аясында шығындарды бағалау және жоба бойынша шығындарды бақылау жүйелерінің жұмысы, жетілдіру процестері мен есеп беру процестері бойынша арнайы біліктілігі 
және осы жүйелер мен процестерді құру және жүргізу қабілеті; 
(шығындарды бағалау мен бақылауды корпоративтік процестерін әзірлеу және жүргізу тәжірибесінің болғаны артықшылық болып табылады);
• тікелей уәкілеттілік бар және жоқ кездерде қажет болатын жетекшілік көрсете білу қабілеті;
• топтың әр мүшесінің мүмкіндіктеріне сай дамыту мақсатында топты тиімді басқара білу қабілеті; 
• адаммен тіл табысу және өзара қарым-қатынас құру дағдылары және тиімді, ашық жұмыс ортасын құру қабілеті; 
• нәтижеге бейімделген тәлімгер және нұсқаушы болу қабілеті; 
• мықты талдау дағдылары;
• ұйымдастыру, іскери, тұлғааралық қарым-қатынас құру және тіл табысу дағдылары;
• ағылшын тіліндегі шығындарды бағалау құжаттары мен ілеспе процестерді оқу, жазу, және түсіну және 
түсіндіру, сондай-ақ басқалармен, әсіресе жергілікті қызметкерлермен тиімді түрде ақпарат алмасу қабілеті;
• компьютерлік бағдарламалардың негізгі қолданбаларын (мысалы, Word, Excel, PowerPoint, Outlook және т.б.) жақсы білу және ауызша және жазбаша жақсы қарым-қатынас құрумен қатар презентация жасау дағдылары;
• шетелдегі және елдегі нысандарға іссапармен баруға ынталы болу; 
• ағылшын тілінде жетік араласу (орыс және / немесе қазақ тілдерін білгені артықшылық болып табылады) машықтары;
• игеру жобасы бойынша экономикалық талдау жасау және шешім қабылдау процесі жөнінде терең білімі; 
• мұнайға қатысты дүниежүзілік экономикалық көрсеткіштер бойынша жалпы білімі.

Қажетті қабілеттер

  • Оценка эффективности проекта
  • Управление проектом
  • Финансовый контроль
  • Нефтегазовая отрасль
  • прямые затраты

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)