Игеруді жоспарлау жөніндегі инженер (Development Planning Engineer)

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
25

Қаралған саны:
1633

   Конкурс туралы
Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі: 
• инженерлік жобалау немесе геологиялық-геофизикалық зерттеу саласы бойынша ғылым магистрі дәрежесі немесе соған іспеттес білім дәрежесі (5 жыл);
• мұнай және газ нысандарын жобалау және игеру бойынша жұмыс істеген айқын тәжірибесі (кемінде 5 жыл) және расталған еңбек өтілі;
• бұдан бұрын ҚР аумағындағы жобаларда және/немесе Каспий теңізімен байланысты басқа да жобаларда жұмыс істеген тәжірибесі болғаны лазым;
• еншілес кәсіпорындарда, соның ішінде өндіріспен байланысты лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс істеген тәжірибесі болу және жер астымен және/немесе жер бетімен байланысты бір-екі саланы терең білу.
• өнім өндіру және геологиялық барлаудың түрлі тұстарын, әсіресе кен орындарды бағалау және игеру жұмысын жақсы білу.
• жобаны аяқтауды, соның ішінде жоспарлау, бюджет құру, ресурс бөлу, есеп беру, негізгі кезеңдерді орындау, бекіту және жобаны тапсыру кезеңдерін жақсы білу.
• жан-жақты техникалық білімі;
• күрделі техникалық / коммерциялық мәселелерді айқындау, талдау және шешу, сондай-ақ бір мезгілде түрлі тапсырма бойынша жұмыс істеу қабілеті;
• мұнай және газ өнеркәсібіндегі жобаларды жоспарлау мен жүзеге асырудың маңыздылығын толық түсіну.
• шешім қабылдарда әрекетшіл болу;
• салаға қатысты барлық тиісті нормалар мен стандарттарды білу;
• жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру кезіндегі ДЕҚОҚ-тың маңыздылығын толық түсіну; 
• ДЕҚОҚ мәселелерінде, қауіпсіздікті / қауіпті факторларды басқаруда белсенділік таныту;
• салаға қатысты барлық тиісті нормалар мен стандарттарды білу.

Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:
• жақсы қарым-қатынас құру дағдылары;
• мықты талдау дағдылары, жазбаша және ауызша түрдегі ой түзілісін ұғыну қабілеті;
• жақсы ұйымдастыру дағдылары;
• жақсы тұлғааралық қатынас жасау дағдылары;
• түрлі мәдениет өкілдерінен құрылған ұжымда жұмыс істей алу қабілеті;
• ағылшын тілінде ауызша және жазбаша еркін тіл табысу дағдылары

Қажетті қабілеттер

  • Геология и разработка нефтяных месторождений

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)