Химиялық талдау зертханашысы

Степногорск күкірт-қышқыл зауыты - "SSAP" ЖШС Степногор қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
723

   Конкурс туралы
Функционалдық міндеттері:
  • өнімнің үлгілерін іріктеуді және сынақтарға дайындауды жүргізу;
  • өнімге сынақ жүргізу, сынақ жүргізу үшін қажетті реактивтер мен ерітінділерді дайындау;
  • мүдделі бөлімшелерге сынақ нәтижелерін уақтылы ұсыну;
  • белгіленген көлемде бақылау сынақтарын жүргізу;
  • жаңадан қабылданған химиялық талдау зертханашыларын жұмыс орнында бейімдеу оқытуын жүргізу;
  • сынақтар нәтижелерінің дұрыстығына әсер ететін қоршаған орта жағдайларының мониторингін жүзеге асыру және тіркеу;
  • зауыт зертханасының үй-жайлары мен жұмыс орындарында тазалық пен тәртіпті сақтау;
  • жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес пайдалануды жүзеге асыру;
  • зертханалық қондырғыларды жинау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
  • белгіленген тәртіппен жабдықтар мен зертханалық қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
  • белгіленген тәртіппен журналдар мен өзге де құжаттамаларды жүргізу;
  • жұмысты зертханалық талдаулардың бекітілген кестесінің талаптарына сәйкес орындауға;
  • ауысым шеберінің тапсырмаларын және зауыт зертханасының басшылығын ескере отырып, жұмысты жоспарлауға;
  • прекурсорлар мен этил спиртінің шығынын тиісті журналдарда тіркеуге міндетті.
Жауапкершілік:
  • Еңбек шартында, жұмыс берушінің актілерінде немесе осы лауазымдық нұсқаулықта өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді сапасыз немесе уақтылы орындамау не орындамау;
  • Цех бойынша ауызша да, жазбаша да бұйрықтар мен өкімдерді, серіктестік басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын сапасыз және уақтылы орындамау;
  • Қызметтік құжаттаманың, серіктестік мүлкінің сақталуын қамтамасыз етпеу, жұмыс берушіге материалдық залал келтіру;
  • Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтамау;
  • ҚР нормативтік құқықтық актілерінің, жұмыс берушінің актілерінің ережелерін сақтамау немесе орындамау;
  • Өз лауазымдық міндеттерін орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың әлеуетті және іске асырылған тәуекелдері туралы басшыны уақтылы хабардар етпеу;
  • Өзінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру процесінде теріс қылықтар/құқық бұзушылықтар/қылмыстар жасау;
  • Серіктестік қызметіне байланысты құпия ақпаратты, қызметтік және коммерциялық құпияны рұқсатсыз тарату (жария ету);
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт және электр қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық нормалар талаптарын сақтамау;
  • Технологиялық тәртіпті бұзу;
  • Ресурстарды үнемдеуге бағытталған технологиялық талаптарды орындамау;
  • Өзіне тапсырылған жұмысты орындаудың жай-күйі туралы дәйексіз ақпарат;
  • Серіктестік пен оның қызметкерлеріне қауіп төндіретін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын, өртке қарсы және басқа да ережелерді анықталған бұзушылықтардың жолын кесу жөнінде шаралар қолданбау;
  • Зертханалық керек-жарақтардың бүлінуі және жоғалуы;
  • Технологиялық құжаттаманың бүлінуі;
  • Зертханалық жабдық пен зертханалық жиһаздың бүлінуі.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Білім деңгейі:
Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім
Білім беру бейіні: Химиялық пәндерді (химия, биохимия, санитария, экология және т.б.) зерделеуге байланысты білім
Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (бейіні): Химиялық талдау
Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл:
1) Жұмыс тәжірибесіне (өтіліне) талаптар қойылмайды;
2) 5, 4 және 3-разрядтағы орта техникалық немесе кәсіптік білім немесе біліктілік сәйкестігіне біліктілік емтиханы болмаған жағдайда - 5, 4 және 3-разрядтағы біліктілік бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін жеткілікті және қажетті жұмыс тәжірибесі кемінде 1 (бір) жыл.

Міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:
  • жалпы, талдамалық және физикалық химия негіздері;
  • талдаудың физика-химиялық әдістері;
  • қолданылатын химиялық реактивтердің мақсаты мен қасиеттерін;
  • зертханалық қондырғыларды құрастыру ережесі мен тәртібін;
  • химикаттардың массасы мен көлемін анықтау тәсілдері;
  • титрленген ерітінділерді дайындау, титрлерді орнату және тексеру тәсілдері;
  • талдамалық таразыда өлшеу ережесі;
  • өлшеу нәтижелері бойынша қажетті есептеулерді жүргізу әдістері;
  • өлшеу әдісін әзірлеу және таңдау негіздері;
  • өлшеу және сынау жабдықтарын, әртүрлі үлгідегі таразыларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың талаптары;
  • сынақтардың жүргізілетін әдістеріне арналған техникалық шарттар мен нормативтік техникалық құжаттар;
  • қолданылатын сынау әдістерін, жұмыс орнындағы зертханалық жұмыстардың техникасын;
  • орындалған жұмыстарға техникалық құжаттаманы жүргізу ережесі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж