Заң департаментінің директоры

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
526

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Компаниясының барлық нысандарындағы Заң директоратын белсенді, уақтылы, үнемді және кәсіби түрде заңгерлік кеңес беру және қолдау көрсету мақсатында басқару;
    • Заң директоратының жұмыс жоспары мен бюджетін әзірлеу, ресурстарды ұйымдастыру және басымдылықтарды орнату, және Заң директоратының бөлімдері ішінде атқарылатын жұмыстарды басқару;
    • Заң директоратының тиісті түрде кадрлармен жасақталуын қамтамасыз ету;
    • қызметкерлердің жұмыс нәтижесін бақылау және дамыту мақсаттарын белгілеу, жауапкершіліктерді белгілеу, мақсаттар қою, жыл ортасы тексерулері мен жыл сайынғы қызметкерлерді бағалау процесін жүргізу;
    • қызметкерлерге қолдау көрсету және бірлесіп әрекет ету тәсілін қолдана отырып біліктілігін арттыру және оларға тәлімгерлік ету, нәтижелерін бақылау және бағалау;
    • жалпы жұмыстар, жоспарлау, келісімшарт жасау, жаңа жобаны / кәсіпорынды дамыту, Қазақстан Республикасы үкімет органдарымен және басқа да үшінші тараптармен әрекеттесу барысында құқықтық ой-пікірлер, оның ішінде Заң директоратымен орнатылған құқықтық тәуекелдер санын азайту шараларының ескерілуін қамтамасыз ету;
    • тексерулер жөнінде кеңес беру, дауларды сотта қарауды басқару және басқа да құқықтық әрекеттерді қолдау, Компания мен ӨБК шеңберінде тағайындалған Мердігердің мүдделері мен активтерін қорғау және сақтап қалу;
    • тиісті заңнамаға енгізілген өзгерістерді бақылап, оларды өндірістік және функционалды директораттар назарына ұсыну;
    • өндірістік және функционалды директораттарға ӨБК және БҚК талаптарына және тиісті ҚР және басқа да қолданылатын заңдар талаптарына сәйкестігі жөнінде кеңес беру;
    • Компания қызметінің жалпы қағидаттарына, іскерлік әдеп кодексі мен парақорлықпен және жемқорлықпен күрес жөніндегі нұсқаулығына сүйене отырып, сәйкестікті қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ барлық қызметкерлерді оқыту;
    • Консорциумға қатысты негізгі заң мәселелері жөнінде Басқарушы директорына тікелей есеп беру;
    • Басқарушы директордың барлық кіріс-шығыс хаттарын құқықтық тұрғыдан қарау;
    • Жоғары басшылық және тиісті Консорциум құрамындағы комитеттер мен қосалқы комитеттер мүшесі ретінде әрекет ету, әсіресе, Жоғары басшылықтың  ӨБК және БҚК талаптары, тиісті ҚР және басқа да қолданылатын заңнама, сот процесі, және әдеп және нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде хабардар болуын қамтамасыз ету;
    • Басқарушы комитет қарарларын құқықтық тұрғыдан қарауға, сақтауға және олардың дерекқорын жүргізуге жауапты ӨБК Басқарушы комитетінің хатшысы ретінде әрекет ету;
  • БҚК Акционерлер комитетінің хатшысы ретінде әрекет ету, Комитет қарарларын, оның ішінде мақұлданған шешімдер мен талап-арыздарды жасау және оларға қол қою;
    • ӨБК шеңберінде тағайындалған Өкілетті органмен және ҚР басқа да мемлекеттік органдарымен, оның ішінде құзырлы орган ретінде әрекет ететін ҚР Энергетика Министрлігімен тығыз қарым-қатынас орнату;
    • Өкілетті органмен, ҚР басқа да мемлекеттік органдарымен және басқа да үшінші тараптармен бірлесіп өткізілетін жиналыстар мен келіссөздер барысында  компаниясының мүддесін білдіру;
    •  компаниясының басқармасы мен акционерлер жиналыстарын әзірлеу және оларға қатысу, осы жиналыстардың хатшысы ретінде әрекет етіп, хаттамалардың әзірленуін, оларға қол қойылуын және сақталынуын қамтамасыз ету,  компания мен оның филиалдарының корпоративті құжаттарын жүргізу;
    • тиісті құқықтық мәселелер бойынша акционерлердің заңгерлерімен өзара әрекеттесу;
    • мәселелерді тәуелсіз заңгер - кеңесшілер мен нотариустарға жолдап, олардың барысын қадағалау.
    • компаниясының аудит және бақылау бойынша жылдық және ұзақ мерзімді жоспары үшін деректер ұсыну
    • Қатерлерге негізделген тиісті нәтижелерге қол жеткізу үшін ресурстарды бөлу және аудит пен бақылау шараларын өткізу
    • Аудиттер / бақылау саласындағы тексерістер нәтижелері, ұсыныстары мен ескертулерін бақылау
    • Тағайындалған процестерді жақсарту және кемшіліктерді жою үшін аудит / бақылау нәтижелерінен сабақ алу

Талаптар:

  • заң саласы бойынша жоғары білімі;
    • заң саласында кемінде 12 жыл жұмыс тәжірибесі, соның ішінде, мұнай және газ саласында заң бөлімінде бір немесе бірнеше басқарушы лауазым иесі болғаны абзал.
  • компания ішінде заң бөлімін басқару қабілеті;
    • көп ұлтты және түрлі мүдделі тараптардан тұратын ортада жұмыс істеу қабілеті;
    • мықты талдау жасау және жинақтап зерттеу дағдысы;
    • жоғары сапалы ауызша және жазбаша тиімді қарым-қатынас жасау машықтары;
    • ағылшын тілін ауызша және жазбаша жетік білу;
    • заң құжаттарын үздік әзірлеу дағдылары;
    • мықты жетекшілік ету және басқару дағдылары;
    • мықты адамдарды және қарым-қатынастарды басқару дағдысы;
    • басшылыққа тәуелсіз заң кеңесін беру қабілеті;
    • мықты жоспарлау және ұйымдастыру машықтары;
    • шетін мәселелерді шешуде сыпайылық және қайраттылық таныту.

Шарттар:

  • 5/2
  • Атырау қаласына тұрақты іссапар

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)