Ірі бизнеспен жобаларды дамыту жөніндегі Pre-Sale менеджері
ТОО "Мобайл Телеком-Сервис" (Объединенная Компания Tele2/ALTEL) Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1–3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Міндеттері:
- Корпоративтік клиенттерге арналған кешенді техникалық шешімдермен жұмыс істеу – ұялы байланыс желісін құру, Private LTE, 5G, MC PTT, видеоаналитика, IoT, АКТ;
- Сатуды қолдау, ірі корпоративтік клиенттерге – мемлекеттік корпорациялар, өнеркәсіп компаниялары (ашық/жабық кен өндіру, қайта өңдеу, логистикалық нысандар) арналған жаңа қызметтер мен шешімдерді ілгерілету;
- Жаңа бастамалар мен тапсырыс берушінің қажеттіліктерін анықтау үшін, sales-менеджермен бірге клиенттермен болатын кездесулерге қатысу;
- Клиенттердің алдындағы міндеттемелерін сақтау мақсатында, компания ішіндегі міндеттермен жұмыс жасау процесін үйлестіру;
- Клиенттердің тапсырмаларын шешуге арналған техникалық шешімді жасау аясында компанияның техникалық блогымен өзара ынтымақтастық орнату;
- Клиенттердің қажеттіліктеріне сәйкес келетін техникалық шешімнің архитектурасын жасауға қатысу;
- Ірі бизнеске арналған инновациялық цифрлық шешімдерді іздеу үшін әріптестермен және вендолармен өзара ынтымақтастық орнату;
- Компанияның ірі клиенттерге арналған цифрлық қызметтерінің презентацияларын жасау және жүргізу (оның ішінде, АТ сегменттері басшыларының қатысуымен);
- Тендерге қатысуға қажетті құжаттаманы зерттеу және дайындау.
Талаптар:
- Телекоммуникациялар, IT, клиенттерге қызмет көрсету салаларындағы жұмыс тәжірибесі кем дегенде 5 жыл болуы тиіс; АТ-/ телеком саласында жаңа қызметтерді дамытумен немесе жобаларды басқарумен байланысты лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан жоғары болуы тиіс;
- Телеком- және АТ-саладағы технологиялар мен шешімдерге қатысты кросс-технологиялы білімдер;
- Ұялы байланыс жұмысының архитектурасын түсіну, қосалқы радио жүйесі тұрғысынан да, негізгі желі тұрғысынан да;
- Ұялы байланыс желілеріндегі ОТТ сервистерінің жұмыс алгоритмдерін түсіну (IpVPN, APN, MCPTT, PoC);
- Байланыс операторының сымсыз желілерінде желілерді құруды және қызметтерді ұсынуды білу (IpVPN, L2VPN, ip-телефония, басқа да байланыс арналары);
- Тасымал желілерін құру технологияларын және принциптерін білу: IP/MPLS, DWDM, SDH, РРЖ, ТОБЖ;
- Қазіргі телекоммуникация қызметтері нарығын және саланың даму тенденцияларын білу, оның ішінде өнеркәсіп секторын автоматтандыру саласында;
- Өнімдерді бизнес- және функционалдық модельдеу құралдарын меңгеру;
- Дамыған аналитикалық қабілеттер;
- Дамыған коммуникативтік дағдылар;
- Жоба құжаттамасын және техникалық тапсырмаларды жасау дағдысы;
- Жаңа бизнес шешімдерді жоспарлау және оларды жасауға қатысу дағдысы;
- Ішкі және сыртқы клиенттердің техникалық өкілдерімен өзара қарым-қатынас құра білу;
- Келіссөздер мен презентацияларды жүргізу дағдысы;
- Жобаларды басқару дағдысы;
- Өзара қарым-қатынастарды және қайшылықтарды басқару дағдысы;
- Жұмыс қабілеттілігінің жоғары болуы (оның ішінде, стресс жағдайында);
- Іскерлік қарым-қатынас дағдысы, стреске төзімділік, командада жұмыс істей білу;
Қажетті қабілеттер
- B2B Продажи