Жүк қабылдап өткізуші ЖШС KAP Logistics "ОАТБ" ф-лы ТЖУ бөлімшесі (жұмыс орны Жаңатас қ.)

"KAP Logistics" ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
371

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Тауарларды қабылдау және жеткізу бойынша күнделікті тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді; • Жүк пен багажды тиеу, түсіру, сұрыптау, қабылдау, беру және өлшеу (таразылар болған жағдайда) жүк және коммерциялық операцияларды орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін станция бойынша кезекшіге жылжымалы құрамның орналасқан жері туралы толық ақпарат береді; • Темір жол бөлімінің жүк жұмысын «ҚТЖ» ҰК» АҚ персоналымен (кабылдаушылардың, тауар кассирлерінің) үйлестіруін қамтамасыз етеді; • «KAP Logistics» филиалымен келіп түсетін және жіберілетін жүктердің барлық түрлері бойынша тасымалдау құжаттарының болуын, толықтығын және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етеді; • ҚАП Logistics филиалының мекенжайына келетін вагондар мен жүктерде тасымалдау кезінде пломбалардың болуын және сәйкестігін, қаптаманың бүтіндігін, жүктің жоғалу белгілерінің болмауын бақылайды; • KAP Logistics филиалынан жіберілген тауарлардың дұрыс пломбалануына және жөнелтілім құжаттарына тиісті мәліметтердің енгізілуіне жауапты.

Білім:

Орта – кәсіптік, орта Өндіріске қатысты техникалық немесе басқа ұқсас бағыт

Дағдылар:

Міндетті: • Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері, темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік және басқа да материалдар; • Әртүрлі көлік құралдарымен тасымалдау кезінде жүктерді тиеу-түсіруді есепке алу жөніндегі нұсқаулық; • Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау бойынша нұсқаулықтар; • акт және талап-арыз жұмыстары бойынша нұсқаулықтар; • Жоғалған тауарларды іздеу бойынша нұсқаулықтар; • Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және маневрлік жұмыстарды реттейтін нұсқаулар мен нормалар; • Кәсіпорынға қажетті құрал-жабдықтар мен бөлшектердің ассортименті; • Кәсіпорынды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру; • Пойыздық және маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру, оны локомотивтермен қамтамасыз ету; • Локомотив бригадаларының, станция кезекшілерінің, жүк және багаж қабылдаушылардың, декларанттың жұмысын ұйымдастыру; • Темір жол көлігінде жедел және жүк жұмысын ұйымдастыру; • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері; • Жүк пен багажды есепке алу және ілеспе құжаттарды ресімдеу тәртібі; • Еңбекті қорғау ережелері мен нормалары; • Жүктер мен багажды тасымалдау ережелері; • Тауарларды тасымалдау және орау стандарттары мен шарттары; • Жүкті тиеу және бекітудің техникалық шарттары; • Темір жол жылжымалы құрамының техникалық сипаттамасы, конструктивтік ерекшеліктері.

Қосымша:

- қажет емес

Білетін тілдер:

- қазақ және орыс тілдерін жетік білу