«Теміржолсу-Көкшетау» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері

от 219464
ТОО "Теміржолсу-Көкшетау" Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
639

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Метрологиялық қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады. Техникалық құжаттаманы жүргізеді, бақылау-өлшеу құралдары мен энергияны есепке алу аспаптарын тексеру кестелерінің орындалу мерзімдерін қадағалайды. Осы мәселе бойынша іс-шаралар мен есептерді дайындайды.
  • Рационализаторлық және өнертапқыштық жұмыстармен айналысады, тиісті өтінімдерді, бұйрықтарды, есептеулерді және ақпараттық карталарды жасайды.
  • Жаңа технологияны енгізу бойынша жоспарлар мен шараларды жасайды, бақылаушы және жоғары тұрған органдарға есеп береді.
  • Жаңа құрылыс объектілеріне және күрделі жөндеуден кейінгі құрылысқа құжаттаманы дайындаумен айналысады.
  • Сумен жабдықтау және су бұру құрылыстары үшін жанар-жағармай материалдарының, көмірдің, электр энергиясының шығынын қолдану, есепке алу, бақылау және талдаумен айналысады. Осы мәселелер бойынша жоспарлар, іс-шаралар, есептер құрастырады.
  • Ғимараттар мен құрылыстарды, құбырларды күрделі және ағымдағы жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін ақау актісін жасау мақсатында тексереді.
  • Шеберлермен бірлесе отырып, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша аяқталған жұмыстардың актісін жасайды. Орындалуын бақылайды және есептер дайындайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Су ресурстары және суды пайдалану; Жылу энергетикасы, Құрылыс Көлік, көлік техникасы және технологиялары, Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) Инженерлік жүйелер; Экология.
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)