Теміртау желілік-өндірістік басқармасы ЭСҚ қызметінің электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электрмонтер
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қарағанды» магистральдық газ құбырлары басқармасы Теміртау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Біліктілігі анағұрлым жоғары электрмонтерінің басшылығымен кез келген мақсаттағы, барлық үлгідегі және габаритті электр жабдығын бөлшектеу, күрделі жөндеу.
- Жөндеуден кейін аппаратуралар мен электр жетектерінің аспаптарын реттеу және тексеру. Күшейткіштерді, жарық және дыбыс сигнал беру аспаптарын, контролерлерді, басқару бекеттерін, магниттік станцияларды жөндеу.
- Күрделі қосу схемалары бар күштік және жарықтандыру электр қондырғыларына қызмет көрсету. Ведомстволық электр станцияларында, трансформаторлық электр қосалқы станцияларында оларды кернеуден толық ажыратып жұмыстарды орындау. Трансформаторларды, ажыратқыштарды, айырғыштарды және құрылымдық элементтерді бөлшектей отырып, оларға жетектерді тексере отырып, электр желілерінде жедел ауыстырып қосуды орындау.
- Люминесцентті жарықтандыру схемаларын тексеру, монтаждау және жөндеу. Кабельді тарқату, бөлшектеу, мөлшерлеу, төсеу, енгізу құрылғылары мен жалғағыш муфталарды монтаждау, кернеумен кәбіл желілеріндегі шеткі бітеу. Кабельдердің зақымдалған жерлерін анықтау, жерге қосу кедергісін, кабель қабығындағы потенциалдарды өлшеу.
- Электр жабдықтарының күрделілігі орташа қосу схемаларымен істен шығуы мен ақаулықтарын анықтау және жою.
- Жұмсақ және қатты дәнекермен дәнекерлеу. Сызбалар мен схемалар бойынша жұмыстарды орындау.
- Электр қозғалтқыштары үшін іске қосу кедергісін таңдау.
- Білімі: электрмонтер мамандығы бойынша арнаулы орта білім.
- Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша 1 жылдан кем емес
Ұқсас вакансиялар
Теміртау желілік-өндірістік басқармасының газ тарату станциясының операторы (Qarmet АГТС)
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қарағанды» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Теміртау қ.
24.06.2026 | 6273
"Атырау" МГҚБ Құлсары ЖӨБ ГКС қызметінің технологиялық компрессорлар машинисі
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Құлсары қ.
24.06.2026 | 11080
"Атырау" МГҚБ филиалы Мақат ЖӨБ ЖПҚ қызметінің желілік құбыр жүргізушісі
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Мақат к.
24.06.2026 | 6775