Баға маркетингі бөлімінің жетекші маманы

от 305828 KZT
АО «Алатау Жарық Компаниясы» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
613

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) нормативтік құжаттарға сәйкес маркетингтік зерттеулер негізінде тауарлардың құнын айқындайды;

    2) өндірістік бағдарламаны және/немесе инвестициялық бағдарламаны және/немесе бюджетті және/немесе даму жоспарын және/немесе сатып алу жоспарын, жылдық сатып алу жоспарын (ЖСЖ), ұзақ мерзімді сатып алу жоспарын (ҰСЖ), бірінші кезектегі сатып алу жоспарын (БСЖ) қалыптастыру және/немесе түзету кезінде құрылымдық бөлімшелердің өтінімдері бойынша Қағидаларға сәйкес тауарлар бойынша бағаларға маркетингтік зерттеулер жүргізеді;

    3) әлеуетті жеткізушілердің тауарлар бойынша баға ұсыныстарының дерекқорын жүргізеді;

    4) тауарлардың маркетингтік қорытындыларын тіркеуді және сақтауды жүзеге асырады;

    5) "АЖК" АҚ құрылымдық бөлімшелерінен түскен жұмыстар мен қызметтерге маркетингтік қорытындыларды тіркеуді және сақтауды жүзеге асырады;

    6) әлеуетті  жеткізушілердің тауарлар бойынша баға ұсыныстарына талдау жүргізеді;

    7) бюджет комитетінің отырыстарында қарау үшін бағаларды қалыптастыруға қатысады;

    8) менеджмент жүйесін енгізу және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша жоспарларды, бағдарламаларды орындауға қатысады;

    9) ТМҚ-ны сатып алу бюджетін қалыптастыру кезінде, сондай-ақ АЖК АҚ-ның жекелеген жобалары бойынша бюджетті әзірлеуде жыл сайынғы өтінім науқанына қатысады;

    10) отандық тауар өндірушілер шығаратын өнім нарығына мониторинг пен талдау жүргізеді; 

    11) "АЖК"АҚ-да Құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларына сәйкес Бөлімнің іс қағаздарын жүргізуді жүзеге асырады;

    12) іс қағаздарын жүргізеді, бағаны айқындаудың жүргізілген рәсімдері бойынша құжаттар мен материалдарды ресімдейді;

    13) бекітілген номенклатураға және іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Бөлімнің ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттамасын архивке тапсыруды қамтамасыз етеді;

    14) "АЖК" АҚ аумағында қолданылатын «Қауіпсіздіктің алтын  қағидалары» талаптарын сақтайды;

    15) "АЖК" АҚ Сенімділікті бақылау және еңбекті қорғау басқармасына барлық байқалған ықтимал қауіпті оқиғалар мен қауіпті жағдайлар туралы хабарлайды;

    16) бөлімшедегі кез келген оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысады;

    17) қызметкерлерден "АЖК" АҚ аумағында әрекет ететін Қауіпсіздіктің алтын  қағидалары» талаптарын мүлтіксіз сақтауды талап етеді.

Талаптар:

  • жоғары (экономикалық немесе техникалық) білімі және жұмыс өтілі 1 жыл болуы керек, энергетикалық компанияларда сатып алу саласындағы жұмыстарды жоспарлау дағдылары, маркетингтік саясатты ұйымдастыру мәселелерінде қажетті қосымша теориялық және практикалық дайындығы, дербес компьютерді тәжірибелі пайдаланушы дәрежесінде меңгеруі қажет.

Шарттар:

  • Бес күндік жұмыс

Қажетті қабілеттер

  • коммуникабельность, умение работать в команде, отвественность

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)