Маркетинг және тасымалдау департаменті директорының орынбасары

"ҚМГ Қарашығанақ" ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
916

   Конкурс туралы

Қажетті біліктілік

 

Жұмыс топтары мен комитеттерінің жиналыстарында, Оператор, Мердігер компаниялар және Уәкілетті орган арасындағы жұмыс кездесулерінде Серіктестік мүдделерін білдіру. 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесіне өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде өткізу көлемін жоспарлау, келісу және бекіту саласындағы бақылау және мониторинг (бұдан әрі - ӨБТК) және Бірлескен маркетингтік комитеттің жұмыс тәртібі.

 

Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

 

Қазақстан Республикасының заңнамасы:

1) Газ және газбен жабдықтау туралы; Магистральдық газ құбыры туралы; Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы; Электр энергетикасы туралы; Трансферттік баға белгілеу туралы;

2) сапа менеджментінің интеграцияланған жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында (нұсқаулар, ережелер, ИСУ рәсімдері);

3)  тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;

4)  өрт және экологиялық қауіпсіздік негіздері саласында;

5)  мемлекеттік және ағылшын тілдерін (ауызша және жазбаша) Upper Intermediate деңгейінен төмен емес білу.

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

 

1) ұйымдастыру жұмысындағы дағдылардың болуы;

2) аналитикалық жұмыс дағдыларының болуы;

3) ақпараттық материалдарды жүйелеу және дайындау дағдыларының болуы;

4)  іскерлік келіссөздер жүргізу дағдыларының болуы;

5) ақпаратпен жұмыс істеудің заманауи құралдары, әдістері мен технологиялары дағдыларының болуы;

6)  жанжалдарды шешу дағдыларының болуы, тұлғааралық қарым-қатынасты құру.

 

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер:

 

1) жоспарлау, жұмысты ұйымдастыру және Бөлімге жүктелген функциялардың/міндеттердін орындалуын бақылау және тасымалдауды өткізуді ұйымдастыру жобаларын дайындау және іске асыру кезінде Серіктестіктің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. Қарашығанақ жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру барысы, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне жататын мәселелері бойынша стратегия мен даму жоспарларын қалыптастыру;

2) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Даму стратегиясы және қолданыстағы үкіметаралық келісімдер шеңберінде ресурстық базаны кеңейту және соған байланысты жобаларды әзірлеу басымдықтарын айқындау;

3) Жұмыс топтары мен комитеттерінің, ҚМГ тиісті бөлімшелерінің жиналыстарында, Оператор, Мердігер компаниялар мен Уәкілетті орган, мемлекеттік органдар және шикізатты маркетинг және тасымалдау мәселелері бойынша басқа да үшінші тұлғалар арасындағы жұмыс кездесулерінде Серіктестік мүдделерін білдіру;

4) ҚПО бюджетін қалыптастыру мақсатында шикізатты ішкі нарыққа және экспортқа өткізу бойынша кірістер мен шығыстардың жұмыс бағдарламасын және бюджетін қарау және бекіту;

5) Мердігер комитетінің, Мердігердің сату жөніндегі комитетінің, Сату жөніндегі бірлескен комитеттің, Басқару жөніндегі бірлескен комитеттің материалдарын қарауға қатысу;

6) өзінің құрылымдық бөлімшесінде тәуекелдерді басқару қызметін үйлестіру және бюджет пен экономикалық талдау бөлімімен өзара іс-қимыл жасау.

 

 

Қызметкердің жауапкершілігі (функционалдық міндеттер шегінде):

 

1) ңбек шартында және лауазымдық нұсқаулықтарда, сондай-ақ басшылықтың нұсқауларында жүктелген міндеттерді уақтылы және сапалы орындау;

2) оның құрылымдық бөлімшесінің тәуекелдерін/қауіп факторларын анықтау, бағалау/қайта бағалау;

3) өзіне тиесілі құрылымдық бөлімшенің тәуекелдері/тәуекел факторлары туралы ақпаратты шоғырландыру;

4) тәуекелдер/тәуекел факторлары туралы мәліметтерді бюджеттеу және экономикалық талдау бөліміне уақтылы беру;

5) Құрылымдық бөлімшенің тәуекелдері/тәуекел факторлары бөлігінде Бюджеттеу және экономикалық талдау департаментімен бірлесіп, олардың құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлерін әдістемелік қамтамасыз ету.

6) АСУР жүйесіне деректерді дұрыс және уақтылы енгізу – тәуекелдер/тәуекел факторлары мен тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса алғанда, тәуекелдер/тәуекел факторларының Иелері қадағалайтын;

7) Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттама талаптарының сақтау;

8) еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;

9) қызметтік құжаттаманың сақталуына және өз міндеттерін орындау барысында белгілі болған мәліметтердің құпиялылығын сақтау;

10)  Қазақстан Республикасы заңнамасының және Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау;

11) Серіктестіктің балансында тұрған мүлкіне кінәлі түрде материалдық залал келтіру;

12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыс орнындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау;

13) сапа менеджменті жүйесі, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау.

Қажетті қабілеттер

  • Знание принципов маркетинга
  • Знание маркетинга цен и экономики

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)