Лауазымдық жауапкершілік:
• Компания қызметінің еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникалары мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкестігін қамтамасыз ету;
• • Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне тікелей қатысу
• Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жыл сайынғы кестеге және міндетті оқыту бағдарламасына сәйкес Компания жұмыскерлерінің оқудан өтуін бақылау және қамтамасыз ету
• Жалпыға міндетті білім берудің жылдық бюджеттік жоспарын жасау
• Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша хабарлау бағдарламасын (жадынамалар, ақпараттық парақтар және т. б.) әзірлеу;
• Еңбекті қорғау және қауіпсіздік, радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша тиімді ішкі оқу бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту;
• Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес келетін білім алушылардың дайындығын қамтамасыз ету;
• Еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту үшін сапалы материал және білімді бағалау әдістерін ұсыну
• Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің талаптарына сәйкес өткізілген нұсқаулықтар мен сабақтар туралы барлық жазбаларды жүргізу және сақтау;
• Барлық өндіріс учаскелерінің нұсқаулары бойынша журналдарды дұрыс және уақтылы толтыруды және жүргізуді бақылау;
• ЕҚ, ҚТ, ҚОҚ және РҚ мәселелері бойынша жұмыскерлерді тағылымдама және тестілеу бойынша жұмыстарды бақылау және жүргізу;
• ТЖІЕК комиссиясының (тұрақты емтихан комиссиясы) мүшесі ретінде жұмыскерлердің еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі сертификатының уақытылы өтуін бақылау;
• Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік мәселелері бойынша кіріспе нұсқаулық бағдарламасын уақытылы жаңарту;
• Компанияның жаңадан қабылданған жұмыскерлері, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілердің келушілері мен жұмыскерлері үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша кіріспе нұсқаулық өткізу;
• Өндірістік қауіпсіздік департаментінің директорына / өндірістік қауіпсіздік департаменті директорының орынбасарына еңбекті қорғау және қауіпсіздігі жөніндегі жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу;
• Компаниядағы құрылымдық бөлімшелер басшыларына қауіпсіздік техникалары бойынша жиналыстар өткізуге көмек көрсету;
• Қауіпсіздік техникалары бойынша жұмыскерлермен үнемі келіссөздер жүргізу;
• Өндірістік оқиғаларды тергеуге қатысу;
• Жұмыс орындарының қауіпсіздік техникасы бойынша тексеруді, техникалық құралдардың, жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің жай-күйін сынауды және техникалық куәландыруды, сондай-ақ олардың жай-күйінің белгіленген нормалар мен қағидаларға сәйкестігін анықтау үшін жұмыстарды орындау технологиясын ұйымдастыру және жүргізу, оларды пайдалануды қабылдауға немесе өндірісте қолдануға қатысу;
• Электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы түскен тапсырыстарды орындау;
• Барлық қажетті органдар үшін белгіленген нысандарға сәйкес және тиісті мерзімде міндетті оқыту түрлері бойынша есептер құрастыру және ұсыну;
• Қызмет барысында анықталған барлық сәйкессіздіктер туралы тікелей басшыны уақтылы хабардар ету, оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу немесе өз құзыреті шегінде шаралар қабылдау;
• Еңбекті қорғау, қауіпсіздік, радиациялық қауіпсіздік, оның ішінде азаматтық қорғаныс және өнеркәсіптік қауіпсіздікпен шектелмей, әдістемелік қамтамасыз ету, ұйымдастыру және тұрақты жұмыс жүргізу;
• Құрылымдық бөлімшелерді еңбекті қорғау бойынша қағидалармен, нормалармен, плакаттармен және басқа да көрнекі құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, сондай-ақ оларға тиісті ақпараттық стендтермен жабдықтауда әдістемелік көмек көрсету;
• Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау;
• Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету;
• Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс).
• Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда).
• Компанияның Бас директорына және/немесе Компаленс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау.
• Тікелей басшыға ЕҚ және ӨҚ оқыту жөніндегі инженердің лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау.
3.2 ЕҚ және ӨҚ оқыту жөніндегі инженердің лауазымдық міндеттері келесі себептер бойынша ҚР заңнамасы аясында өзгеруі мүмкін:
• Өндірістік қауіпсіздік департаментінің мәртебесінің, мақсатының және функцияларының өзгеруіне немесе оны қайта құруға әкеліп соқтыратын Компанияның (Компанияның Қадағалау кеңесінің шешіміне, Компанияның Бас директорының бұйрығына сәйкес орындалатын) басқарудың ұйымдық құрылымының және штат кестесінің өзгеруі;
• ЕҚ және ӨҚ оқыту жөніндегі инженердің жауапкершілік саласын, өкілеттігін, бағыныстылығын және жұмыс тәртібін өзгертетін Компанияның даму және жақсарту жөніндегі жоспарлары;
• Жоғары тұрған басшымен, Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаментінің директорымен келісілген және Компанияның Бас директоры бекіткен осы лауазымдық нұсқаулыққа өзгерістер енгізу жөніндегі тікелей басшының шешімі.Білім:
Жоғары техникалық немесе жоғары педагогикалық білімДағдылар:
• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері;
• Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар;
• Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері;
• Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері;
• Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары;
• Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары;
• "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
• Уранды геологиялық барлау, өндіру және өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары;
• Еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқаулық, оқыту және білімді тексеру қағидалары мен мерзімдері;
• Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;
• "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
• Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар;
• Қоршаған ортаны қорғау, радиациялық қауіпсіздік және өндірістік санитария бойынша басқа заңдар, нұсқаулар мен техникалық құжаттар;
• Басқару жүйелері бойынша стандарттар (яғни ISO 14001: 2004, ISO 45001);
• Еңбек мәдениеті және қызмет этикасыҚосымша:
• Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғауға көшбасшылық қабілеттер мен жұмысқа берілу;
• Ауызша және жазбаша қарым-қатынастың үздік дағдылары;
• Келіссөздер жүргізу және тұлғааралық қарым-қатынас жасаудың жетілген дағдылары.Білетін тілдер:
• Қазақ тілін білу - міндетті;
• Орыс тілін білу– еркін;
• Ағылшын тілін білу - бастапқы деңгей