Комплаенс-бақылау қызметі бас менеджері

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
1699

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) күдікті операцияларды, сондай-ақ міндетті бақылауға жататын операцияларды анықтау мақсатында Қоғам клиенттерінің операцияларына мониторинг жүргізу;
2) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ҚЖ/ТҚҚ туралы заңда белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну;
3) операцияларды анықтаудың дұрыстығы тұрғысынан шекті және күдікті операцияларды анықтау бойынша "AML жүйесі" БҚ қолданыстағы сценарийлердің мониторингі/талдауы;
4) ұсынылатын/алынатын ақпаратты қадағалау, операцияларды (мәмілелерді) тоқтата тұру және операцияларды (мәмілелерді) одан әрі жүргізу жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асыру бойынша қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органмен уақтылы өзара іс-қимыл жасау;
5) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаларға жалақы төлеу бойынша қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау;
6) күдікті операцияларды талдауға байланысты сұрау салулар бөлігінде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау;
7) Қоғамның ААЖ-де терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін, сондай-ақ ҚЖ/ТҚҚ мақсатында пайдаланылатын өзге де дерекқорларды уақтылы жаңартуды бақылау;
8) ҚЖ/ТҚҚ бойынша заңнаманың талаптарына сәйкес контрагенттерді сәйкестендіру;
9) Қызмет қызметіне қатысты мәселелер бойынша ІНҚ, техникалық тапсырмаларды, Қоғамның бизнес-процестері бойынша ішкі нормативтік құжаттардың ҚЖ/ТҚҚ саласындағы заңнамалық-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауға қатысу;
10) клиенттердің операцияларын күдікті деп тану және хабарламаларды қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;
11) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру (бұдан әрі - ҚЖ/ТҚ тәуекелі), сондай-ақ ҚЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
12) ҚЖ/ТҚҚ туралы Заңда және (немесе) клиенттермен жасалған шарттарда көзделген жағдайларда және Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операцияларын жүргізуді тоқтата тұру не одан бас тарту туралы шешімдер қабылдау;
13) ҚЖ/ТҚҚ мақсатында қоғамда ішкі бақылау қағидаларын іске асыру және сақтау мониторингі.

Талаптар:

Экономикалық және/немесе қаржылық және/немесе құқықтық.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға (ҚЖ/ТҚҚ) қарсы іс-қимыл саласында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.

Шарттар:

  • күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

Қажетті қабілеттер

  • Проведение комплаенс проверок и расследований;