кран машинисі

157156 - 165507
Актобинская база материально-технического снабжения Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
1074

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер: Жұмыс кезінде ,кранда тиеу - түсіру жұмыстарын орындау кезінде энергияны үнемдеуге қол жеткізу, крандағы жұмысты бастамас бұрын  күн сайын: бақылау - өлшеу құралдарының   жұмысқа  қабілеттілігін тексеру,  кран механизмдерін, олардың тежегіштері мен бекіткіштерін, жүріс механизмдерін, олардың буферлік құрылғыларын тексеру, арқандардың күйі, сыртқы тексеру, кантакторлары, сеніп тапсырылған кранның қараусыз қалуына жол бермеу, оны таза ұстау, жақсы жағдайда ұстау, (жұмыс істеуге дайын), үзіліс кезінде кранды қараусыз қарлдырмаңыз, өздігінен қозғалу мүмкіндігінің жоқтығына көз жеткізіңіз, ауысым аяқталғаннан кейін кранды белгілеген орынға бекітіңіз, толық тоқтан ажратыңыз, кранның вагонеткасының өздігінен қозғалу мүмкіндігінің жоқтығына көз жеткізіңіз, аяқталғаннан кейін авто көлік шеберханасының бригадиріне баяндалады, тиеу -түсіру жұмыстарын орындау кезінде итергіштің нұсқауларын қатаң сақтау, өндірістік қауіпсіздік талаптары мен қауіпсіздік нұсқауларын және кран машинисі үшін қауіпсіздік нұсқауларын қатаң сақтау басқада талаптарды орындау, База басшылығының, база бригадирінің өз құзыреті шегінде базаның ҚТЖ ҰК АҚ жергілікті актілері бұзбай, гардероб шкафтарын қараусыз қалдырмау үшін берілген арнайы киімді, аяқ киімді және жеке қоғану құралдарын міндетті түрде кию, тазалықты сақтау,  еңбекті қорғау бойынша нұсқамаларды уақтылы өткізуге міндетті.

Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)

Жұмыс тәжрибесі :  қажет емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру