«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Қостанай филиалы ММ» филиалының заң бөлімінің жетекші заң кеңесшісі.

337121 - 348975
НОД-2 (Костанайское отделение ГП) Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
463

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Серіктестіктің, Филиалдың мүдделерін сот, құқық қорғау органдарында, басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда өкілдік ету және сенімхат бойынша қорғау;
  • Серіктестіктің, Филиалдың мүддесі үшін заңнамада белгіленген мерзімде талаптар мен талап-арыздарды дайындау және ұсыну;
  • Келіп түскен материалдарды қарау, олардың жеткіліктілігі мен қажеттілігі кезінде – талап арыздарды ұсыну;
  • Серіктестікке, Филиалға келіп түскен талаптар мен талап арыздарды қарау;
  • Станциялар мен Филиалдың қызметтері мен бөлімдері дайындаған Филиал басшылығына қол қоюға ұсынылған нормативтік құқықтық актілердің, нұсқаулықтардың, ережелердің, өкімдердің және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу. Аталған құжаттардың жобалары заңнамаға сәйкес келмеген жағдайда, қажет болған жағдайда - бұл туралы қорытынды жасау және қаралатын мәселелерді шешудің құқықтық тәртібі туралы ұсыныстар дайындау;
  • Атқарылған жұмыстар туралы есептерді Серіктестіктің құқықтық қамтамасыз ету бөліміне белгіленген тәртіпте ұсынуға дайындау;
  • Филиал қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар ету.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Құқықтану; Халықаралық құқық, құқық қорғау
  • Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 4 жыл немесе 1-ші санаттағы заң кеңесшісі лауазымында кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы