Бизнес-талдау департаменті Қарағанды өңірлік бөлімінің инженері

182957 - 182957
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
59

Қаралған саны:
1815

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • орындалатын қызмет шеңбері бойынша статистикалық есептерді құрастырудың қолданыстағы әдіснамасының сақталуына жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Статистикалық ақпарат пен есептіліктің жазбаларын және басқа да бұрмалануларын жою және болдырмау үшін шаралар қабылдайды;
  • қозғалыстағы поездарда есепті сағатқа орналасқан жүк вагондарының, Ду-10 нысанының болу ведомосін және жүк паркі вагондарының баланстық болу және Ду-16 нысанындағы бос вагондардың болу кітабын толтырады;
  • ДО-2, ДО-15 нысандарының статистикалық есептерін жинауды және жасауды жүзеге асырады;
  • до-2, ДО-15 нысандарының статистикалық есептерінің көрсеткіштері бар ДИСКОР макеттерін қалыптастырады және ақпараттық жүйеге береді;
  • статистикалық есептерде және ақпараттық жүйелерде жүк вагондарының болуы, жұмысы, жай-күйі және пайдаланылуы көрсеткіштерінің сәйкессіздігін бақылауды жүзеге асырады, поездарды, жүк вагондары мен контейнерлерді қабылдау және тапсыру, жүк жұмысы туралы ақпаратты станциялармен салыстыруды жүзеге асырады, статистикалық есептерде ДО-1, ДО-2, МО-1, МО-2, МО-3, ЦАДЦ қалыптастырған;
  • бизнес-талдау департаментіне Кео-4, ДО-6, ДО-18 нысандарының статистикалық есептерін жинауды, жасауды және ұсынуды жүзеге асырады;
Біліктілік талаптары:

Білімі: тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары кәсіби.
Мамандығы: Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Маркетинг, Статистика, Әлемдік экономика, Автоматтандыру және басқару, Көлік, көлік техникасы мен технологиялары, тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану.
Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы