Күрделі құрылыс бөлімінің бастығы (уақытша, жоба кезеңінде)

Степногорск күкірт-қышқыл зауыты - "SSAP" ЖШС Степногор қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
38

Қаралған саны:
2498

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • өндірістік объектілерді күрделі салу және реконструкциялау жөніндегі жұмыстардың тікелей орындалуына басшылықты жүзеге асырады;
  • күрделі құрылыстың ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымдағы жоспарларының жобаларын әзірлеуді, күрделі құрылыстың барлық объектілеріне титулдық тізімдер, құрылыс материалдары мен жабдықтарына өтінімдер жасауды ұйымдастырады;
  • қаражатты ұйымды техникалық қайта жарақтандыру мен реконструкциялауға бірінші кезекте бағыттауды, олардың іске қосу объектілерінде шоғырлануын, аяқталмаған құрылыс көлемін қысқартуды жүзеге асыра отырып, қаржы қаражатының нысаналы және ұтымды пайдаланылуын және олардың тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді;
  • жобалау ұйымдарымен және бас мердігерлермен шарттар жасасуға қатысады;
  • жобалау және құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерді орындауын қадағалайды;
  • күрделі құрылыс жоспарларының орындалуын, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық және техникалық құжаттаманың уақтылы берілуін ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыстардың орындалу мерзімі мен сапасына, олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарына, техника қауіпсіздігіне, өндірістік санитарияға, еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарына сәйкестігіне техникалық қадағалауды жүзеге асырады;
  • объектілердің уақтылы пайдалануға берілуін бақылауды жүзеге асырады;
  • техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен құрылыс алаңдарында жабдықты орнатуға, сынауға және тіркеуге байланысты мәселелерді келіседі;
  • күрделі құрылыс бойынша есеп пен есептілікті жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • бөлім қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс:

  • күрделі құрылыс мәселелері бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік материалдар;
  • ұйымның техникалық және экономикалық даму перспективалары, күрделі құрылыс жоспарларын әзірлеу тәртібі;
  • мердігерлік ұйымдармен шарттар жасасу тәртібі;
  • құрылыс жұмыстарының технологиясын, күрделі құрылыс жүргізу тәсілдерін;
  • құрылысты қаржыландыру және жобалау-сметалық құжаттарды жасау тәртібі, құрылыс нормалары;
  • құрылыс объектілерін жобалау кезінде еңбекті ұйымдастыру талаптары;
  • жобалау құжаттамасын ресімдеу жөніндегі стандарттар, техникалық шарттар және өзге де басшы материалдар;
  • құрылыс жұмыстарын орындау туралы есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізу тәртібін;
  • экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;
  • еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Талаптар:

  • Білім деңгейі: Жоғары;
  • Білім беру бейіні: Техникалық;
  • Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл: 7 жылдан кем емес.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман