Сметалық жұмыс жөніндегі инженер (Сметчик) уақытша, жоба кезеңіне

Степногорск күкірт-қышқыл зауыты - "SSAP" ЖШС Степногор қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
1109

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • құрылыс жұмыстарына, жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеуге, жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялауға және өндіріс тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстарға сметалық-қаржылық құжаттаманы жасайды;
  • күрделі жөндеуге бекітілген титулдық тізімдерді, ақаулар ведомосін, жөндеуге және қайта жаңартуға жататын объектілердің жөндеу ведомостары мен жұмыс сызбаларын қарайды және талдайды;
  • жөндеу жұмыстарының барлық түрлерінің (құрылыс, монтаждау, сантехникалық және өзге де түрлерінің) сметалық құнын айқындау үшін жөндеу құнын талдау негізінде бастапқы деректерді дайындайды;
  • жұмыстардың бағалары немесе көлемдері өзгерген жағдайда сметалық-қаржылық есептерге тиісті нақтылаулар мен түзетулер енгізеді;
  • жобалау ұйымдарының шығыстар сметаларын жасауының дұрыстығын тексереді және олар бойынша қорытындылар дайындайды;
  • бекітілген сметаларда көзделмеген жөндеу, монтаждау және құрылыс жұмыстарының құнын айқындауға, сондай-ақ материалдар мен жабдықтарды ауыстыру кезінде қатысады;
  • жөндеу және қайта жаңарту объектілеріне титулдық тізімдерді жасауға қатысады;
  • сметаларды мердігер ұйымдармен келіседі және олардың шығыстар сметасына салынған нормативтерді сақтауын бақылауды жүзеге асырады, орындалған жұмыстардың актілерін жасайды;
  • жөндеу-құрылыс жұмыстарының құнын төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
  • сметалық құжаттаманың есебін жүргізеді, үлгілік сметаларды жасау мақсатында мерзімді қайталанатын жұмыстарға арналған сметалық-қаржылық есептерді жүйелейді;
  • жұмыстардың сметалық құны туралы қажетті анықтамалар дайындайды;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп пен нормалардың талаптарын сақтайды.

Білуге тиіс:

  • баға белгілеу және сметалық нормалау саласындағы заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді, өкімдік, әдістемелік, нормативтік, өзге де материалдарды;
  • жобалық құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастыруды, оны келісу және бекіту тәртібін;
  • материалтану, құрылыс конструкциялары, құрылыс процестері мен өндірістің технологиясы;
  • жөндеу, монтаждау және құрылыс жұмыстарын жүргізу технологиясын және ұйымдастыруды;
  • мердігерлік шарттарды және құрылысқа арналған мемлекеттік келісімшарттарды жасасу тәртібі;
  • инвестициялық-құрылыс процесінің әртүрлі сатыларында сметалық құжаттаманың құрамы, мазмұны, әзірлеу және келісу тәртібі;
  • титулдық тізімдерді, ақаулар ведомостарын, жөндеу ведомостарын және өзге де техникалық құжаттаманы жасау тәртібін;
  • құрылысты қаржыландыру тәртібін, саланың экономикасын, еңбекті ұйымдастыруды, құрылысты басқару негіздерін;
  • сметалық есептерді жасау процесін автоматтандыруға арналған қолданбалы бағдарламалық өнімдер;
  • еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Талаптар:

  • Білім деңгейі: Жоғары білім;
  • Білім беру бейіні: Техникалық;
  • Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл: Кемінде 5 (бес) жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман