Жаңақорған газ шаруашылығы технигі

"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Қызылорда қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
595

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Орындалған жұмыстар бойынша кіріс құжаттамалары мен корреспонденцияларды қабылдайды және тіркейді, оның сақталуын қамтамасыз етеді, құжаттардың өтуінің есебін жүргізеді және олардың орындалу мерзімдерін бақылайды, сондай-ақ іс жүргізумен аяқталған құжаттардың техникалық ресімделуін жүзеге асырады.
  • Жұмыс туралы есеп беру үшін деректерді жүйелейді, өңдейді және дайындайды. Жұмыста заманауи техникалық құралдарды қолдану бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
  • Тұтынушылардың төлеген төлемдері бойынша күнделікті жұмыс жоспарын (мекен-жайын) дайындайды.
  • Газдандыру бойынша жеке және заңды тұлғалардың атқарушылық техникалық құжаттамасына жұмыс жобаларын қабылдауға қатысады.
  • Құжат айналымын (қағаз және электронды) бақылауды, келіп түскен өтініштерді уақтылы өңдеуді және орындау үшін басқа қызметтерге беруге дайындауды қамтамасыз етеді.
  • Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жедел қызметтің жұмыс және есеп құжаттамасын жүргізеді.
  • Орындалған қызметтер мен тапсырыстар үшін абоненттердің дебиторлық берешегін азайту және өтеу, сондай-ақ абоненттердің басқа да шарттық міндеттемелерді орындауын бақылау шараларын жүзеге асырады.
  • Тауарлар мен қызметтерді, жарнамалық және имидждік компанияларды жылжыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.
  • Сату құжаттамасының уақтылы толтырылуын қамтамасыз етеді
  • орындалуы туралы, өткізу жоспарларының орындалуы туралы белгіленген есеп беру, тапсырыстар мен келісім-шарттардың орындалуын есепке алу.
  • Абоненттермен барлық қажетті келіссөздерді жүргізеді, тауар ассортиментін, бағасын, сату және есеп айырысу шарттарын енгізеді.
  • Клиенттерді табу әдістемесін әзірлейді, клиенттермен жұмысты жоспарлайды, клиенттермен байланысу схемасын жасайды.
  • Тауарлар мен қызметтерді өткізу бойынша статистикалық мәліметтерді талдайды.


Талаптар:

  • Білімі – жұмыс өтіліне қойылатын талаптарды ұсынбай, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.
  • Жаңақорған газ шаруашылығының технигі «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы» бөлімі бойынша оқудан өткені және білімін тексеру туралы сертификаты, атқаратын лауазымына рұқсатымен өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша білімін тексеру туралы сертификаты болуы керек.

Шарттары:

  • Жұмыс орны: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауылы.
  • Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:30-ға дейін
  • Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма, сенбі, жексенбі-демалыс

Қажетті қабілеттер

  • - Soft skills: коммуникабельность, умение работать в команде, стрессоустойчивость, пунктуал,
  • - Коммуникабельность, ответственность, исполнитель

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Өндіріс