Ұлттық жобаны іске асыру және өңірлік даму департаментінің Жобалау және құрылыс басқармасының Құрылыс бөлімінің жетекші маманы (7 бос орын)

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
125

Қаралған саны:
2132

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • жобалаушылармен, мердігерлермен және жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) өндірістік техникалық мәселелерді шешу;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарының нақты аяқталған көлемдерін тексеру (бұдан әрі – ЖЖҚ);
  • құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша орындалған жұмыстардың актілерін қабылдау;
  • құрылыс, әрлеу материалдарын, инженерлік-технологиялық жабдықтарды, жиһазды жұмыс жобасы бойынша салыстыру;
  • өндірістік қажеттілікке сәйкес белгіленген аймақтардан тыс нысанның құрылыс алаңына бару;
  • құрастырылған құжаттаманы тексеру (жасырын жұмыстарға актілер, сынақ хаттамалары, паспорттар, сертификаттар, орындау сызбалары мен шолулар);
  • нысанды пайдалануға беру үшін құжаттарды дайындау;
  • салынған объектілерді ЖАО балансына беру;
  • кіріс хат-хабарларды қарау және олармен жұмыс жасау;
  • департамент басшылығының тапсырмаларын орындау;
  • құрылымдық бөлімшеге жүктелген бизнес-процестердің шеңберінде құрылымдық бөлімшенің функцияларына сәйкес тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету

.

Талаптар:

  • Жоғары техникалық білім;
  • Лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда мамандығы бойынша жұмыс өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын қоспағанда), кемінде 3 (үш) жыл;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Қосымша білімі, дағдысы мен іскерлігі:

  • Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және сараптама саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ лауазымы бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу;
  • Жобалық, сметалық, басқа да техникалық құжаттамамен жұмыс істей білу;
  • Графикалық редакторлармен, арнайы компьютерлік бағдарламалармен және жабдықтармен жұмыс істей білу;
  • Берілген өкілеттік шегінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді және басқа да заңнамалық актілерді қолдану дағдылары.

.

Артықшылықты жеке және іскерлік қасиеттер

  • Жауапкершілік;
  • Еңбексүйгіштік;
  • Тәртіптілік;
  • Өз бетімен және топта жұмыс істей білу.

Шарттар:

  • 1 жылдан кем емес мерзімге еңбек шартын жасау;
  • Толық уақыт жұмысы, 5/2;
  • Көп тапсырма режимінде жұмыс істеу, тәулік бойы байланыста болу мүмкіндігі;
  • Іссапарлардың болуы;
  • Ірі ұлттық жобалардың бірінде жұмыс тәжірибесін алу;
  • Мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу нәтижелері бойынша бонустық төлемдер.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)