"Оңтүстік Ыңғай" кенішінің әкімшілік қызметінің қауіпсіздік жөніндегі маманы

«ОТХК» БК» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
1032

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Серіктестік объектілерінің кешенді қауіпсіздігін жетілдіру жөніндегі шараларады қабылдау мәселелері бойынша Серіктестік басшылығына ұсыныстар дайындау ; 2) Дайын өнімді, оны тасымалдауды, сондай-ақ Серіктестік мүлкінің физикалық қорғалу жай-күйін ұйымдастыру, қамтамасыз ету және бақылау; 3) Дайын өнімді түгендеу, табиғи уран концентраттарын және тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу және бақылау жөніндегі комиссияларға қатысу; 4) Террористік тұрғыдан осал терроризмге қарсы объектілерді қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету; 5) Терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде объектілерді қорғау жөніндегі іс-шараларады қамтамасыз ету; 6)Серіктестіктің өндірістік объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеу ; 7) Өткізу режимін қамтамасыз ету; 8) Серіктестікті физикалық қорғау жай-күйін қамтамасыз ету және бақылау; 9) Дайын өнімді, радиоактивті заттар мен олардың қалдықтарын сақтау орындарын бақылау; 10) Инженерлік-техникалық күзет құралдарын жобалау, монтаждау, жөндеу және пайдалану және олардың жұмысын талдау бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; 11) Инженерлік-техникалық күзет құралдарының жарамды жай-күйде ұсталуын, регламенттік ақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; 12) Серіктестіктің физикалық қорғалуын қамтамасыз ететін күзет құрылымдарымен жұмысты ұйымдастыру және өзара іс-қимыл жасау; 13) Серіктестіктің экономикалық және жеке қауіпсіздік жай-күйін қамтамасыз ету және бақылау;14) Серіктестіктің материалдық активтерін сыртқы және ішкі қол сұғушылықтардан қорғау жөніндегі іс-шраларды ұйымдастыру және өткізу; 15) Серіктестіктің экономикалық қауіпсіздігін төмендетуге ықпал ететін себептер мен жағдайларды уақтылы анықтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру; 16) Серіктестікке материалдық немесе беделдік шығын келтірген фактілер бойынша қызметтік тексерулер мен тергеулер жүргізуді ұйымдастыру және қатысу .Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныстармен қорытындылар дайындау; 17) Жасалған ұрлық, Серіктестік мүлкін ұрлау фактілері бойынша, сондай-ақ өндірістік және шаруашылық қатынастарды реттейтін нормативтік актілерді бұзу фактілері бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; 18) Қазақстан Республикасының күш құрылымдарымен (ІІМ, ҰҚК, прокуратура органдары және т.б.), жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық құрылымдармен, жергілікті жерлердегі кәсіпорындармен Серіктестік мүддесіне қол сұққан заңды және жеке тұлғалардың заңсыз әрекеттерінің алдын кесу, елді мекендерде, жұмыс кенттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау. Өкілеттігі шеңберінде ұрлау фактілері және Серіктестік мүддесіне қатысты басқа да қол сұғушылық фактілері бойынша қызметтік тексерулердің жүргізілуін бақылауды қамтамасыз ету. 19) Серіктестіктің ақпараттық қауіпсіздігінің жай-күйін бақылау; 20) Құзыреті шегінде қауіпсіздік секторы басшылығының тапсырмаларын орындау.

Білім:

Жоғары кәсіби білім

Дағдылар:

- Арнайы, құқық қорғау органдарында немесе атом энергиясын пайдалану объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі; - Кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негіздерін білу; - Ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу дағдылары; - Іскерлік хат алмасу дағдылары.

Білетін тілдер:

Мемлекеттік және орыс тілдерін білу