Технологиялық процестерді автоматтандыру, басқару және оңтайландыру жөніндегі жетекші инженер

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
1892

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:

  • АБЖ (автоматтандырылған басқару жүйелері) жабдығының тексерілуін қадағалау, жұмысын қадағалау
  • Жабдықтың техникалық жай-күйін есепке алу және талдау жүргізу
  • АБЖ жабдығына техникалық күтім жасау және жөндеу жұмыстарын инженерлік-техникалық тұрғыдан сүйемелдеу
  • АБЖ кешендерін құруға, қайта құруға, жаңғыртуға арналған жобаларға атсалысу
  • «НКОК Н.В.» компаниясы қондырғыларының техникалық тұтастығын олардың қызмет мерзімі ішінде қамтамасыз ету.  Бұл төменде тізімделген салалар бойынша технологиялық процесті автоматтандыру, басқару және оңтайландыру жөніндегі 2-деңгейлі техникалық қадағалау  (ТҚ 2) қызметінің өкілі міндеттерін орындауды қамтиды
  • ТҚ 2 төменде тізімделген міндеттерді орындайды (тағайындалған кезде)
  • қауіп-қатер көздерін және пайдалануға жарамдылықты талдау, жүйенің тұтастық деңгейін, тәуекелдерді бағалау және өзге де қауіпсіздік саласындағы тексеру шараларына инженерлік- техникалық бөлімі атынан үлес қосу;
  • өз саласына қатысты алғышарттарды себептер бойынша талдау, технологиялық процестің қауіпсіздігіне қатысты күрделі оқиғаларды тергеу шараларына қатысу және жетекшілік ету;
  • технологиялық процестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және компанияның барлық бөлімшелеріндегі оқиғалардың салдарын зерделеу кезінде алынған сабақтармен бөлісу;
  • кей жағдайда толық емес ақпаратты қолдана отырып, күрделі мәселелер үшін жаңашыл, мақсатты шешімдер ұсыну;
Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
  • технологиялық процестерді автоматтандыру/электроника/ БӨАжА/электр жүйелер бойынша бакалавр / магистр дәрежесі;
  • тиісті жобалау, техникалық күтім жасау және/немесе пайдалану саласында кемінде 8 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • төмендегі салалардың кез келгені бойынша елеулі өндірістік тәжірибесі:
    • БжА (оның ішінде БӨАжА) саласына қатысты қызмет көрсетуші жабдықтаушылармен немесе мердігерлермен жұмыс істеу;
    • өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорны;
    • мұнай-газ кәсіпорындары;
    • МӨЗ;
    • химиялық және мұнай-химия кәсіпорындары;
  • БжА және БӨАжА салаларының барлық аспектілерін қамтитын техникалық қадағалау маманының міндеттерін атқару бойынша расталған тәжірибесі;
  • жобалау бойынша қызметті оңтайландыру саласындағы жұмыс тәжірибесі (негізгі аспектілері: технология, қолайлы шешімдер және экономикалық тиімділік);
  • персоналдың біліктілігін арттыру, оқыту, кеңес беру және тәлімгерлік ету саласында жұмыс тәжірибесі.

Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:

  • бастамашыл және ынталы, техникалық білімі және расталған жұмыс тәжірибесі мол маман;
  • халықаралық инженерлік стандарттарды, озық әдістер мен жүйелерді жақсы білу;
  • технологиялық процестің қауіпсіздігін қамтамасыз жүйелері мен өрт пен газды анықтау жүйелерін білу;
  • өнеркәсіптік БӨАжА, үшінші тараптардың пакеттерін енгізу және базалық деңгейді бақылау тәсілдерін білу;
  • жоғары қысым және күкіртсутегінің жоғары мөлшері бар ортада қолданылатын қондырғылар жөнінде білімі;
  • нақты белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін кішігірім топтарды басқару қабілеті;
  • шектеулі бақылаумен жұмыс жасай білу және өзгелерді ынталандыру арқылы қойылған мақсаттарға қол жеткізу;
  • Инженерлік-техникалық процестер мен стандарттарды жүйелі қолдану мақсатында тез қарым-қатынас орнату қабілеті;
  • тұлғааралық қарым-қатынас орнату және байланыс жасау қабілеті;
  • жігерлі, жұмысқа қабілетті, шешім қабылдау және көптеген күрделі мәселелерді ойдағыдай шешу қабілеті;
  • ДЕҚОҚ стандарттарын сақтауға белсенді болу;
  • ағылшын тілін жетік білу; орыс немесе қазақ тілдерін білгені лазым;
  • ағылшын тілінде техникалық құжаттарды әзірлеу және зерделеу қабілеті.
Білімі:


  • қабылдау алдындағы сынауларды, орындалып жатырған жөндеу жұмыстарын қабылдауды ұйымдастыру;
  • жөндеу жұмыстарын материалдық-техникалық ресурстармен қамсыздандыруды ұйымдастыру тәртібі;
  • АБЖ жобаларын, техникалық тапсырмаларды, техникалық және жұмыс жобаларын әзірлеу тәртібі;
  • АБЖ жабдығын жөндеу жұмыстарынан кейін тапсыру және қабылдау ережелері.

Қажетті қабілеттер

  • Автоматизированные системы управления технологическим процессами
  • техническое обеспечение АСУ
  • контрольно-измерительные приборы и автоматизация

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)