«Кедентранссервис» АҚ филиалы Адам ресурстары жөніндегі инспекторы. Достық «Кедентранссервис» АҚ

282846 - 367185
Филиал АО "Кедентранссервис" по ст. Достык Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
25

Қаралған саны:
841

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

ҚР Еңбек кодексінің және "Кедентранссервис"АҚ Ішкі жергілікті актілерінің талаптарын ескере отырып, еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды қалыптастырады.
Еңбек заңнамасын, акционерлік қоғамның жергілікті актілерін басшылыққа ала отырып, қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды уақтылы ресімдеуді, жеке құрамды есепке алуды, қызметкерлердің еңбек қызметі туралы анықтамалар беруді, еңбек кітапшаларын сақтауды және толтыруды және барлық белгіленген Кадрлық құжаттаманы жүргізуді ұйымдастырады.
Филиал қызметкерлерінің еңбек кітапшаларының жазбалары мен сақталуын, есепке алу журналын және еңбек кітапшаларының қозғалысын жүргізуді қамтамасыз етеді.
"1С: КА"бағдарламасына кадрлық есеп бойынша деректерді уақтылы және дұрыс енгізуді жүзеге асырады. 
Автоматтандырылған job.raylways.kz. рекрутинг жүйесіне ақпараттардв (бос жұмыс орындарын) енгізеді.
Әкімшілік-басқарушылық және көмекші персоналдың жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу Табелін дайындайды.
Қызметкерлерді тексеруді жүргізеді.
Қызметкерлерге қажетті анықтамалар, сипаттамалар, ұсынымдар, қызметтік куәліктер береді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары
  • Саладағы мамандық: экономика, менеджмент, психология, филология, әлеуметтану, педагогикалық мамандықтар (жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар); еңбекті ұйымдастыру және нормалау; Құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару;
  • Жұмыс тәжірибесі: кадрларды басқаруды ұйымдастыру бойынша кемінде 2 жыл
  • Қосымша талаптар:
  • Білуі керек: Міндетті түрде: 1 С-КА, Microsoft Office, Word, Excel, PowerPoint бағдарламаларымен, Outlook, Lotus Notes, Skype электрондық пошта бағдарламаларымен жақсы жұмыс істеу дағдылары;

    Білуі қажет: ғаламдық Интернет желісінің ресурстарын, кеңсе жабдықтарын және заманауи коммуникациялық жүйелерді пайдалану мүмкіндігі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы