Радиациалық қауіпсіздік жөніндегі инженер

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
752

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Компанияда радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау; • Радиациялық бақылаудың жоспар-кестесінің орындалуын талдау; • Радиациялық қорғаудың тиімділігін, РҚ бойынша сапаны қамтамасыз ету бағдарламасының орындалуын және Қазақстан Республикасының заңнамасына, "Cameco" радиациялық қауіпсіздік бағдарламасына және РҚ саласындағы озық өнеркәсіптік практикаға сәйкестігін бақылау; • Радиациялық қауіпсіздікті жақсарту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және іске асыру; • Қызметкерлердің, жұмыс орындарының және қоршаған ортаның радиациялық мониторингінің тиімділігі мен дұрыстығын бақылау; • Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызметкерлерді оқыту бағдарламасын іске асырудың тиімділігін бақылау; • Мемлекеттік органдарға сұратуларды уақтылы ресімдеу және радиациялық қауіпсіздік саласындағы рұқсат құжаттарын алу; • Радиациялық қауіпсіздікке байланысты ішкі ережелер мен рәсімдерді әзірлеу және жаңарту; • Ішкі талаптарға және мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес РҚ бойынша статистикалық есептерді ұсынуды қамтамасыз ету; • Иондаушы сәулелену көздеріне және радиоактивті қалдықтарға түгендеу жүргізуді бақылау; • Құтқару-авариялық құралымының оқу-жаттығуларына және құтқару-авариялық жұмыстарына қатысу; • Авариялар мен жазатайым оқиғаларға тергеу жүргізуде жоғары тұрған басшылыққа жәрдем көрсету; • Уран өнеркәсібіндегі радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл; • Радиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды анықтау және жою мақсатында жұмыс орындарына тұрақты тексерулер жүргізу; • Қажет болған жағдайда, ҚР-ң қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, жұмыс беруші актілерінің талаптарын сақтай отырып, қажетті құжаттарды рәсімдеу, қойылған міндеттерді және мердігер ұйымдардың жұмыстарды орындауына бақылауды жүзеге асыру үшін ТЖҚ сатып алу мақсатында өзге ұйымдармен шарт құруды бастамалау; • Қажет болған жағдайда, тұрақты немесе уақытша негізде әрекет ететін комиссияға қатысу; • Бағынушыларын жұмыс беруші актілері және Компанияның басқа да құжатарымен уақтылы таныстыру; • Бөлімше жұмыскерлері арасында міндеттерді дұрыс үлестіру, бағынушылардың лауазымдық нұсқаулықтарын дайындау • Компания басшылығының тапсырмасымен, немесе өз бастамасы бойынша орындалып жатқан жұмысына қатысты құжаттарды, жұмыс беруші актілерін дайындау; • Бөлімше штатын білікті жұмыскерлерімен жасақтау • Бағынушылары қызметіне және бағынушыларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауына басшылық және бақылау жасау • Жұмыс уақытын есепке алу табелі, жұмыс кестелері, демалыс кестелері, вахта кестелері және т.б. (қажет болған жағдайда) секілді бөлімше жұмыскерлерін басқару бойынша алғашқы құжаттаманы жасау, әзірлеу, жүргізу; • Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс). • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда); • PRG-LEG-02 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі нұсқаулық" талаптары мен ережелерін сақтау; • PP-LEG-01 "Іскерлік этика саласындағы саясат" және REG-LEG-05 "Мінез-құлық және іскерлік этика кодексінің»талаптары мен ережелерін сақтау; • RM-02 « «Инкай» БК» ЖШС-ң тәуекел-тәбетін және негізгі тәуекелдеріне төзімділігін анықтау және мониторинг жасау», RM-01 «Инкай»БК»ЖШС-ң негізгі тәуекел көрсеткіштерін анықтау және оларға мониторинг жасау» нұсқаулықтарының, REG-RM-01 «Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және «Инкай» БК» ЖШС тәуекелдерін басқару әдістерін айқындау қағидалары» және PP-RM-01 «Инкай» БК» ЖШС-ң тәуекелдерді басқару саясаттарының» ережелерінің талаптарын сақтау (егер жұмыскер тәуекел иесі болса); • Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау үдерістерін, шешімдерді қабылдау үдерісі және Компанияның басқарушылық есептілігін Компанияның тиісті бизнес-үдерістеріне біріктіру бойынша жұмымтардың орындалуын қамстамасыз ету; • Тәуекелдер деңгейін немесе олардың жүзеге асу салдарларын төмендету мақсатында бизнес-үдерістерді оңтайландыру; • Компанияның Бас директорына және/немесе комплаенс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау; • Комплаенс жөніндегі офицеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша (кіріс хат-хабар алмасуды қоса алғанда), және болған жағдайда қызметтік тексеру туралы ақпарат пен осындай тексерулердің нәтижелерін ұсыну.

Білім:

• Физика саласындағы жоғары бейіндік білім

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы; • "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; • "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; • Санитариялық нормалар және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қағидалар; • Жерасты ұңғымалық және үймелеп шаймалау тәсілдерімен кен орындарын игеру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары; • Радиациялық қауіпсіздік саласындағы басқа заңдар, нұсқаулықтар және техникалық құжаттар; • Қатты, сұйық және газ тәрізді сынамаларды радиометриялық, дозиметриялық және спектрометриялық зерттеу әдістері; • Басқару жүйелері бойынша стандарттар (яғни ISO 14001:2015, ISO 45001:2018, ISO 9001-2015) • Төтенше және/немесе дағдарыс жағдайларындағы әрекеттер; • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және электр қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар; • Еңбек мәдениеті және қызметтік әдеп; • АҚХА, ICRP (радиациялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық комиссия) мақұлдаған уран өнеркәсібіндегі радиациялық қауіпсіздіктің озық әдістері және басқа да халықаралық стандарттар; • Ішкі қағидалар, рәсімдер, нұсқаулықтар, ішкі тәртіптеме қағидалары және жұмыс берушінің басқа да актілері.

Қосымша:

• Компанияның мақсатын, стратегиясын, миссиясын, пайымы мен даму перспективаларын білу; • Компанияның ішкі ережелерін, рәсімдерін, нұсқаулықтары мен ережелерін білу; • Радиациялық қауіпсіздік саласында оқыту бойынша куәліктің немесе сертификаттың болуы

Білетін тілдер:

• Қазақ тілін білу-міндетті; • Орыс тілін білу-міндетті; • Ағылшын тілін білу – мүмкіндігінше.