«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Қарағанды филиалы» МКҚК Қарағанды пайдалану вагон депосының ВЧД-13 бухгалтерия бөлімінің 1 санатты бухгалтері.

263770 - 276365
ВЧД-13 КАРАГАНДИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 1 группа Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
1403

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Қызметкерлердің еңбекақысын, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша жәрдемақыларды, сыйлықақыларды, оқу демалысын, материалдық көмекті, жәрдемақыларды және еңбек шартында көзделген басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу;
  • Іссапар шығындарын есептеу;
  • Өкімдер бойынша демалыс ақысын есептеу, еңбек демалысына материалдық көмек көрсету, қызметкер жұмыстан босатылған жағдайда, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы, жұмыстың іссапар сипаты үшін қосымша төлемдерді есептеу;
  • Ұжымдық шартқа сәйкес атқару парақтары (алимент және т.б.) бойынша еңбекақыдан ұстап қалуды, басқа да ұстап қалуларды жүргізу;
  • Қызметкерлерге еңбекақыны, атқару құжаттары бойынша ұсталған сомаларды, кәсіподақ жарналарын, әлеуметтік төлемдерді, іссапар шығыстарын, қызметтік қажеттіліктерге іссапар шығындарын аудару бойынша тізімдерді, төлем тапсырмаларын қалыптастыру;
  • Ұжымдық шартқа сәйкес Қарағанды ВЧД-13 хаттамалары мен өкімдері негізінде зейнеткерлерге материалдық көмек және басқа да төлемдерді аудару үшін төлем тапсырмаларын, тізімдерін қалыптастыру және пошталық тапсырыстарды толтыру;
  • Филиал қызметкерлері мен зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге еңбекақы туралы анықтамалар беру;
  • Атқару парақтары бойынша ұсталған сомаларды ұстау және аудару туралы есептерді сот орындаушыларына ұсыну, оларды орындағаннан кейін атқару парақтарын уақытылы жолдау;
  • Қызметкерлердің жеке шот карталарын ашу және жүргізу;
  • SAP автоматтандырылған басқару жүйесінде жұмыс істеу.

Біліктілік талаптары:

  • Жоғарғы білім
  • Мамандығы: Экономика; Есеп және аудит
  • Жұмыс өтілі: 1-ші санатты есепші, кемінде 2 жыл
  • Қосымша талаптар: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, және ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін актілерін білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы