Ab-initio ұшқыштарды даярлау бағдарламасы
"Эйр Астана" АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
- 25.08.2023
- Берілген өтінім:
- 67
- Қаралған саны:
- 3612
Беделді авиакомпанияда жоғары ақы төленетін мамандық алудың мүмкіндігі.
Бағдарлама 2008 жылдан бері жұмыс істеуде, 300-ден астам адам оқудан өтті. Олардың көпшілігі өз мансабын Эйр Астана әуе компаниясында екінші ұшқыш және командир ретінде жалғастыруда.
Оқу Еуропаның үздік ұшу мектептерінде 16-18 айға дейін созылады, содан кейін кадеттер ұшақ түріне оқытылады. Кадеттер оқуды аяқтағаннан кейін кәсіпорынға жұмысқа қабылданады және ұшақ түріне оқытылады.
Әуе компания оқу үшін 100% алдын ала төлем жасайды және әуе компаниямен келесі 15 жыл ішінде шығындардың тек 75% өтелуі керек.
Іріктеу кезеңдері:
- I кезең: Ағылшын тілінен тест (Intermediate) немесе жарамды IELTS (Academic) 6.0 немесе TOEFL IBT 79 сертификатының болуы (егер бар болса, өтінім беру кезеңінде сертификат қосыңыз).
- II кезең: SHL тесті – кандидаттың белгілі бір ақпарат түрімен жұмыс істеудегі жетістігін өлшейтін психометриялық тесттер (сандық SHL тесті сандармен, графиктермен, кестелермен жұмыс істеуді қамтиды; ауызша тест – мәтіндермен)
- ІІІ кезең: COMPASS тесті – компьютерлендірілген пилоттық тестілер, вербалдық ойлау, математика және физика саласындағы психомоторлық және психотехникалық сынақтар жиынтығы.
- IV кезең: Қазақстандық медициналық комиссияның психофизиологиялық денсаулық жағдайы бойынша сараптамасы (МҰСК сертификаты 1 Класс).
- Сертификат IELTS (Academic) 6.0 немесе TOEFL (IBT) 79.
- V кезең: Қорытынды кезең: тренажер, топтық тапсырма және жеке сұхбат.
- Бағдарламаға өтінімдер тұрақты негізде қабылданады
ТАЛАПТАР:
- Қазақстан Республикасының 18 жастан 34 жасқа дейінгі азаматтары
- Аяқталған орта немесе арнайы орта білім;
- Ағылшын тілін жақсы білу, орта деңгейден төмен емес. Соңғы кезеңде IELTS (Academic) 6.0/TOEFL (IBT) 79 сертификатпен растау қажет;
- Математика және физика негіздерін білу;
- Медициналық комиссияның (ДҰСК)талаптарына сәйкес келетін денсаулық жағдайы;
- Полиция мәліметтерінде соттылықтың және белгілердің болмауы;
- Паспорттың болуы және Шенген визасын алу талаптарына сәйкестігі.
Ұқсас вакансиялар
Ұшу қауіпсіздігін басқару департаментінің директоры
«QAZAQ AIR» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
26.12.2024 | 2238
Әуе кемесінің командирі
«QAZAQ AIR» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
25.12.2024 | 2893
Түгендеуді басқару жөніндегі маман
«QAZAQ AIR» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
25.12.2024 | 1081