"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-"БП Қостанай бөлімшесі" филиалы Қостанай пайдалану локомотив депосының Тобыл ТЧЭ-20 айналым депосы бастығының орынбасары

493835 - 709910
ТЧЭ-20 Костанайское эксплуатационное локомотивное депо Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
1226

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Депоның барлық қызметкерлерінің локомотив шаруашылығы бойынша пайдалану жұмысы мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық, нормативтік-техникалық, жедел-өкімдік құжаттардың және өзге де басшылық құжаттар мен жергілікті актілердің талаптарын сапалы және уақтылы орындауы бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • ТҚ-2 көлемінде орындалған жұмыстардың сапасын, жоспарлы жөндеу түрлерін, локомотивтерге сервистік және техникалық қызмет көрсетуді бақылау;
  • Поездық және маневрлік жұмыс кезінде поездар қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуының алдын алу және болдырмау жөніндегі жұмыстар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыру;
  • ТРА станциялары бойынша локомотив бригадаларының білімін тексеру;
  • Поездық және маневрлік жұмыста ақаулар мен қиындықтарға жол бермеу, алдын алу шараларын әзірлеу және іске асыру, жол берілген жағдайларды уақтылы және сапалы тексеру, сондай-ақ талдау қорытындылары бойынша түзету іс-шараларын әзірлеу және орындау жөніндегі жұмыстар.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары
  • Саладағы мамандық: Көлік, көлік техникасы мен технологиялары (локомотивтер мен локомотив құрылыстары)
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушысы/локомотивтерді қабылдаушы лауазымдарында кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы