Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау секторының жетекші маманы

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
866

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Компания қызметін және олардың негізгі процестерін басқару жүйелерінің әдістемелік және аспаптық базасын ұйымдастыруға қатысу; • Бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу; • Ішкі бақылау жүйесінің (ІБЖ) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдіснамалық базаны әзірлеу және жаңарту, анықталған процестік тәуекелдер мен бақылау рәсімдерін сипаттауға бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету; • Процестердің тәуекелдерін анықтау және құжаттау мен ұсынылған ақпарат сапасын бақылау процесінде әдістемелік қолдау көрсету; • Процестердің иелері мен қатысушыларына тәуекелдердің блок-схемалары мен матрицаларын қалыптастыру және жаңарту және процестерді бақылау бөлігінде әдіснамалық қолдау көрсету; • Тәуекелдер мен басқару матрицаларын, процестердің блок-схемаларын орталықтандырылған сақтауды ұйымдастыру және оған Компанияның мүдделі жұмыскерлерінің қол жеткізуін қамтамасыз ету; • ІБЖ тестілеуін (аудиттерін) өткізу, есептерді дайындау, түзету іс-қимылдары жоспарларын дайындау және бақылау; • ІБЖ жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысу; • Керек болған жағдайда жұмыс жасау тобына қатысу; • Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау үдерістерін, шешімдерді қабылдау үдерісі және Компанияның басқарушылық есептілігін Компанияның тиісті бизнес-үдерістеріне біріктіру бойынша жұмымтардың орындалуын қамстамасыз ету; • Тәуекелдер деңгейін немесе олардың жүзеге асу салдарларын төмендету мақсатында бизнес-үдерістерді оңтайландыру; • Қажет болған жағдайда, ҚР-ң қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, жұмыс беруші актілерінің талаптарын сақтай отырып, қажетті құжаттарды рәсімдеу, қойылған міндеттерді және мердігер ұйымдардың жұмыстарды орындауына бақылауды жүзеге асыру үшін ТЖҚ сатып алу мақсатында өзге ұйымдармен шарт құруды бастамалау; • Қажет болған жағдайда, тұрақты немесе уақытша негізде әрекет ететін комиссияға қатысу; • Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс); • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда);

Білім:

• Жоғарғы экономикалық, гуманитарлық немесе техникалық;

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • «Ішкі бақылау – Біріктірілген модель», Твердей Комиссиясының спонсорлық ұйымдарының комитеті (2013); • ISO 31000: 2018, Тәуекелдер менеджменті. Қағидаттар мен басшылық нұсқаулар; • Тредвей комиссиясының Демеушілік ұйымдар комитеті әзірлеген тәуекел-менеджменттің қағидаттары (COS ERM 2017).

Қосымша:

• Әсерлі презентациялар мен тренингтерді жүргізу дағдылары; • Қаржылық ақпараттарды талдау дағдысы; • Бизнес-процестерді талдау дағдылары;

Білетін тілдер:

• Қазақ тілін білу-оқи алу және өз ойын білдіре алу; • Орыс тілін білу-еркін меңгеру; • Ағылшын тілін білу- Upper-intermediate.