Кадрларды әкімшілендіру жөніндегі менеджер

«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
1072

   Конкурс туралы

індеттері: аутсорсинг қызметтерін мынадай бағыттар бойынша көрсету: кадрлық әкімшілендіру, жұмыскерлердің қызметін бағалауды әкімшілендіру, жұмыскерлердің жеңілдіктерін, әлеуметтік төлемдерін және ерікті медициналық сақтандыруды әкімшілендіру, жұмыскерлердің ақшалай емес сыйақыларын әкімшілендіру, жұмыс уақытын табельдік есепке алу, шетелдік жұмыс күшін әкімшілендіру.

 Біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. Құқық/ бизнес және басқару/ әлеуметтік ғылымдар/ педагогикалық ғылымдар/ техникалық ғылымдар және технологиялар/ гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
  2. Кадрлық іс жүргізу/ персоналды басқару саласында даярлау/ біліктілікті арттыру бойынша сертификаттардың болғаны жөн.
  3. Кадрлық іс жүргізу/ персоналды басқару саласында кемінде 1 (бір) жыл жалпы жұмыс өтілі болуы тиіс. «Самұрық-Қазына» АҚ тобының ұйымдарында жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн.

 Білім мен дағдыларға қойылатын талаптар:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  • «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • кадрлық іс жүргізу/ персоналды басқару саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу.

 Арнайы және мамандандырылған білім:

  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын білу;
  • Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын білу;
  • құжат айналымы, құжаттарды архивтеу және сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • іс жүргізу, архив істері саласындағы мемлекеттік стандарттарды білу;
  • кадрлар бойынша құжаттаманы жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды білу;
  • кадрлық әкімшілендіру саласындағы заманауи үрдістер мен технологияларды білу;
  • жұмыскерлердің қызметін бағалау негіздерін білу (KPI, SMART әдіснамасы бойынша мақсат қою);
  • компанияда KPI әзірлеу және енгізу негіздерін білу;
  • жұмыскерлердің жеңілдіктерінің, әлеуметтік төлемдерінің және ерікті медициналық сақтандырудың нормативтік-құқықтық базасын білу;
  • әлеуметтік жеңілдіктерді басқару процесінің негізгі қағидаларын білу;
  • жұмыскерлерді ақшалай емес сыйақылармен және ведомствоішілік наградалармен марапаттау процесінің негізгі қағидаттарын білу;
  • этика негіздерін, іскерлік қарым-қатынас ережелерін білу (оның ішінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас, іскерлік хаттар жасау, келіссөздер жүргізу).

 Дағдылар мен құзыреттер (функционалдық):

  • Word, Excel, Outlook және т.б. қоса алғанда, MS-Office-пен жұмыс істеу дағдылары;
  • кадрлық әкімшілендіру бойынша автоматтандырылған жүйелердегі жұмыс тәжірибесі (1С ЕРП, 1С ЖПБ және Кәсіпорын, ERP, КУФИБ, SAP және электрондық құжат айналымы жүйелері);
  • ауызша келіссөздер және іскерлік хат алмасу дағдылары;
  • қазіргі заманғы технологиялық құралдарды, коммуникациялар мен байланыстарды, есептеу техникасын қолдана отырып, үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу дағдылары;
  • міндеттерді шешуде дұрыс басымдық беру, проблемаларды бөліп көрсету және кейіннен шешім қабылдау үшін бөлінген фактілер арасында себеп-салдарлық байланыстар орнату дағдылары.

 Құзыреттер (жеке):

  • клиентке бағдарлану;
  • нәтижеге бағдарлау;
  • сыни тұрғыдан ойлау;
  • дамуға бағдарлау;
  • тиімді коммуникация;
  • командада жұмыс істеу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр