Инвестициялық жобаларды іске асырудағы бақылауы, орындалуы және мониторингінің функционалдық бағыттағы жобалар портфелін басқару департаментінің менеджері 13 грейд

до 500000
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
65

Қаралған саны:
1383

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • Уақтылы және сенімді қалыптастыру үшін Күрделі салымдар жоспарының іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларының бюджеттік параметрлерін есептеу және кассалық негізде жинау және орындауды талдау (ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық негізде) «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдары үшін инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы есеп беру және тиімді бақылау;
  • Қоғамның қаржы ресурстарын қаржыландыру және жұмсалуын бақылау мақсатында инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтінімдер бойынша сараптама жүргізу және қорытындылар дайындау, инвестициялық жобаларды жоспарлы және нақты қаржыландыру бойынша есептерді жасау;
  • Инвестициялық жобаларды және тұтастай алғанда жобалар портфелін іске асыру бойынша күнтізбелік жоспарлардың орындалуын бақылау, байланысты тәуекелдерді анықтау және оларды азайту;
  • Инвестициялық жобалардың және тұтастай алғанда жобалар портфелінің бюджеттік параметрлерінің сақталуын бақылау, байланысты тәуекелдерді анықтау және оларды азайту;
  • Компанияның жобалық көрсеткіштеріне және стратегиялық KPI көрсеткіштеріне қол жеткізу, сондай-ақ Жалғыз акционердің үміттерін орындау және Қоғамның құнын барынша арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан және іске асырылатын инвестициялық жобаларға аудит жүргізу;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып, (инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау, орындау және мониторингі үшін) күрделі салымдар жоспарын басқару процесін автоматтандыру бойынша жұмысқа қатысу және ұсынымдар әзірлеу;
  • Уәкілетті органдарда, мемлекеттік органдарда және «Самұрық-Қазына» АҚ-да «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарының инвестициялық жобаларын және Күрделі салымдар жоспарын іске асыру мәселелері бойынша материалдарды тыңдауға дайындау;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарының инвестициялық жобаларының мониторингі қызметін реттейтін Қоғамның әдістемелік нұсқауларын, ережелерін және басқа да жергілікті актілерін әзірлеуге қатысу;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жекелеген және шоғырландырылған қаржылық есептілігін қалыптастыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарының инвестициялық сипаттағы шарттық міндеттемелерін есептеуді, талдауды және мониторингін жүргізу;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдары үшін инвестициялық қызмет нәтижелері туралы ақпараттық анықтамалар, есептер (Компания басшылығы үшін бір реттік немесе ай сайынғы (тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және т.б.)) дайындау;
  • Инвестициялық тартымдылық мақсатында рейтингтерді тағайындау үшін рейтингтік агенттіктерге ұсынылатын материалдарды (презентациялар, диаграммалар, есептеулер және т.б.) әзірлеу;
  • Қоғамның еншілес ұйымдары бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ ірі инвестициялық жобаларын іске асыру туралы есептерді (презентациялар, есептер, түсіндірме хаттар, шешімдер жобалары) дайындау.

Біліктілік талаптардың сипаттамасы:

  • Жоғарғы білім.
  • Мамандығы: Экономика, Қаржы;
  • Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман