Мұз және гидрометеорологиялық зерттеулер жөніндегі жетекші инженер
«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық міндеттері:
- мұз және гидрометеорологиялық жағдайлар туралы ескі деректерге талдау жасау және олардың өндірістік және инженерлік-техникалық жұмыстарға қолданылу туралы ақыл-кеңес беру;
- «НКОК Н.В.» компаниясының жобалау және игеру жұмыстарын қолдауға қажет болатын мұз және гидрометеорологиялық зерттеулер бөліміндегі басқа да тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету және қадағалау;
- мұз және гидрометеорологиялық зерттеулер жөніндегі ішкі топпен орындалатын жұмыстардың сапасын және тиісті техникалық ақпараттың берілуін қамтамасыз ету;
- қажетінше қазақстандық мұз және гидрометеорологиялық зерттеулер жөніндегі инженерлерге және басқа да жергілікті қызметкерлерге техникалық нұсқаулықтар беру, қадағалау, оқыту және тәлімгерлік ету;
- қысқа және ұзақ мерзімді жұмыстарды үйлестіру, мұз және гидрометеорологиялық зерттеулер жөніндегі инженерлерге тәлімгерлік ету, біліктілік деңгейін арттыру және құжаттарды техникалық талаптармен сәйкестендіру арқылы мұз және гидрометеорологиялық зерттеулер тобына жетекшілік ету;
- мердігерлер мен мұз және гидрометеорологиялық зерттеулер жөніндегі ішкі топ ұсынған техникалық есептерге шолу жасау және пікір білдіру;
- мердігерлердің құрлық кешені өндіріс алаңында атқарылған жұмысында «НКОК Н.В.» компаниясының геоматикалық техникалық шарттарының қолданылуын қамтамасыз ету;
- «НКОК Н.В.» компаниясының жұмыстары мұз және гидрометеорологиялық зерттеулерге қатысты тиісті ҚР заңдарына сай болуын қамтамасыз ету;
- мұздан қорғау жұмыстарын ұйымдастыруға қатысты кеңес беру: қажетінше тапсырыс берушілердің мұз жағдайларына қатысты сауалдарына берілетін жауаптарды үйлестіру;
- «НКОК Н.В.» компаниясының жобалау және өндірістік жұмыстарына қажет болатын мұз жағдайлары туралы деректердің сапасын қамтамасыз етуге ықпал ету, мұрағаттау және тарату;
- теңіз қондырғыларындағы мұз жүктемесінен қорғау шараларын жобалауды қамтамасыз ету және қолдау көрсету, сол шаралардың ішінде мұзжарғыш класты кемелер арқылы мұз жағдайларын бақылау, мұз дефлекторларын орналастыру, апаттық-құтқару көлік құралдарының жұмыс нәтижесін құжаттау;
- ауа райы болжамдарының тиісті деңгейде ұсынылуын қамтамасыз ету мақсатында ауа райы болжау нәтижелерінің сапасын қамтамасыз ету;
- жобалардың уақтылы, тиімді және қауіпсіз түрде аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында гидрометеорологиялық жағдайларды талдау жұмыстарының көлемін басқару;
- Каспий теңізі деңгейінің өзгеруі бойынша талқылауларға үлес қосу және оларды жүргізу, ұзақ және қысқа мерзімді болжамдық зерттеулер жүргізу;
- метеорология және мұхиттану немесе тиісті сала / жобалау мамандығы бойынша жоғары білімі (бакалавр дәрежесі болуы тиіс немесе ғылым магистрі болғаны лазым), сонымен қатар арнайы оқудан өткендігі;
- мұз және гидрометеорология, деректерді талдау саласында 6-8 жыл жұмыс тәжірибесі, мұнай-газ саласында инженерлік жобалау және құрылыс мақсаттарында дерек жинау және өңдеу / есеп беру бойынша терең білімі;
- мұз және гидрометеорологиялық жағдайларды зерттеу жобаларына қатысқан және мұзжарғыш класты кемелермен қоса бірқатар кемелерде істеген жұмыс тәжірибесі;
- физикалық мұхиттану бойынша тәжірибесі, мұздан қорғау жұмыстарын ұйымдастыру туралы білімі;
- Компанияның және жобаның жұмыс тілі ағылшын болып табылады, дегенмен қазақ және орыс тілдерінде қарым-қатынас жасай білуі (немесе үйренуге деген ниеті болғаны) білгені абзал.
Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:
Мұз және гидрометеорология саласындағы техникалық дағдылар:
арктикалық мұздану және гидрометеорологиялық жағдайлар критерийлері;
қолданбалы метеорология және океанография;
гидрометеорологиялық деректер жинау және дерекқор;
өндірістік океанография және метеорология;
гидрометеорологиялық жобалау және талдаулар;
арктикалық кен орнын бағалау және қашықтықтан өлшеу;
операциялардағы арктикалық мұздану және гидрометеорологиялық жағдайлар;
гидротехника.
Басқарушылық дағдылар:
персоналды басқару;
нәтижелерге қол жеткізу;
әдеп нормаларын қалыптастыру;
ДЕҚҚОҚ мәдениетін қалыптастыру.
Қажетті қабілеттер
- Прикладная метеорология и океанография
- Гидрологическая инженерия
- Проектирование и анализ гидрометеорологических условий
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Кәсіби)
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)