Content менеджер
ТОО "Мобайл Телеком-Сервис" (Объединенная Компания Tele2/ALTEL) Алматы қ.- Құрылған күні:
-
20.09.2023
- Берілген өтінім:
- 8
- Қаралған саны:
- 780
Міндеттері:
· Жаңа шарттарды жасау, сондай-ақ бұрындары жасалған шарттарды бақылау бойынша жұмыстар;
· Жаңа өнімдер үшін бизнес-функционалды талаптарды, бизнес-кейстерді дайындауды жүзеге асыру;
· Басқа ұялы байланыс операторларының (ТМД, АҚШ, Еуропа) инновациялық өнімдеріне талдау жасау;
· Өнімнің толық сипаттамасын жасау, оның ішінде қосу сызбасын, флоу-диаграммасын, бірізділік диаграммасын, use-кейстерін;
· Өнімді тестілеу жоспарын жасап шығару;
· Ішкі техникалық қызмет мамандары, биллинг мамандары, сондай-ақ сыртқы жеткізушілер үшін телекоммуникациялық жүйелердің жаңа функцияларына бизнес-талаптар әзірлеу;
· Жоба құжаттамасын дайындау;
· Өнімдерді коммерцияға қоспас бұрын, end-to-end тестілеуден өткізу;
· Жобаларды іске асыру кезінде техникалық қызметтің және биллингтің мамандарымен бірге тиімді әрекет ету;
· Бірлескен жобаларды іске асыру үшін сыртқы әріптестермен, жеткізушілермен, вендорлармен өзара тиімді әрекет ету;
· Контент сервистерді дамытуға қажетті шешімдерді сатып алу үшін керекті құжаттаманы дайындау;
· Коммерциялық функция бөлімшелерімен және басқа бөлімшелермен өзара тиімді іс-әрекеттерді жасау (жаңа өнімдерді коммерцияға қосудың шарттарын қамтамасыз ету) – маркетинг, қызмет көрсету, диджитал, сату;
· Іске қосылған жобалар бойынша пост-талдау жүргізу, жоспарлардан ауытқыған жағдайларды талдау, ауытқуларды нивелирлеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және т. б.;
· Жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін талдау және тиісті есепті ұсыну;
· Бұрыннан бар және жаңадан іске қосылған контент қызметтерін қолдау және жүргізу.
Қойылатын талаптар:
· Телеком, саты алулар және сыртқы жеткізушілермен келіссөздерді жүргізу салаларында кем дегенде 1 жылдық жұмыс тәжірибесі;
· 1С: Кәсіпорын, 1С: Құжат айналымы, Excel бағдарламаларын жетік меңгеру;
· Ауқымды дерек массивтерімен жұмыс істей білу;
· Графиктерді, жиынтық кестелерді жақсы құра білу, PowerPoint-та презентацияларды жасай алу.
Жасалатын жағдайлар:
· Тұрақты жалақы және жылдық лайықты сыйақы;
· Корпоративтік ұялы байланыс;
· 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
· Қосымша медициналық сақтандыру;
· Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
· MyBook-ке тегін жазылу;
· Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
· Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе.