Ведущий инженер (пути) производственно-технического отдела Жамбылской дистанции пути Жамбылского отделения магистральной сети
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Өндірістік учаскеде техникалық құжаттаманы,механикаландыру құралдарын,аспаптарды,қатаң есепке алу құралдарын сақтауды және есепке алуды тексеру.
- Поездардың тартылуына электр энергиясының өнімсіз ысыраптарын салыстырып тексеру және есеп жүргізу және оны белгіленген мерзімде ҚТҚ,КҚО-да беру.
- Пойыздардың тартылуына электр энергиясының өнімсіз шығынын азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу,олардың орындалуын бақылау.
- Жүк, жолаушылар поездарына АЛСН кодтарының істен шығу жағдайларын салыстырып тексеру және есеп беру, есепті белгіленген мерзімде ҚТЖ,КҚО ұсына отырып жүргізу.
- Депода,ҚТҚ-да машинистің ескертулері бойынша есеп жүргізу және материалдар ұсыну. 1, 13, 14, 15, 23-нысандар бойынша апатқа қарсы жұмыстар бойынша материалдар қозғалысының есебін және есептілігін жүргізу, жолдың жоғарғы құрылысының материалдарының түсуі мен жөнелтілуі. Учаскелер мен жол бағандарының бастықтарынан материалдық есептер қабылдау.
- Шаруашылық пен кадрларды қыста жұмысқа дайындау бойынша жоспар-іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
- Жоғары тұрған ұйымдардың нұсқаулары бойынша поездар қозғалысы қауіпсіздігі және профилактикалық жұмыс жөніндегі жоспарлар мен іс-шаралар жасау,олардың орындалуын бақылау.
- Қысқы кезеңде жол қашықтығын дайындау бойынша жедел іс-шаралар жоспарын жасау және оның орындалуын бақылау.
- Өндірістік учаскелердегі техникалық құжаттаманың жай-күйін тексеру.
Біліктілік талаптары:
- Білім жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Саладағы мамандық: Құрылыс (Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, көпірлер және көлік туннельдері); Көлік құрылысы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары).
- Жұмыс тәжірибесі кем дегенде 4 жыл.
Қосымша талаптар:
- Қазақстан Республикасының, оның ішінде Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы Инвестициялар және даму министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерін және ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін актілерді білу
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр