Начальник производственно-технического отдел Жамбылской дистанции пути Жамбылского отделения магистральной сети
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Теміржол өткелдері арқылы өту ережелерін сақтау, бөгде заттарды салу бойынша түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
- Теміржол төсегіне жақын жерде мал жаю ережелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
- қолданыстағы графикалық емес ескертулерді поездардың қозғалыс жылдамдығын шектеуді және оларды жою жөнінде шаралар қабылдауды ұдайы бақылау;
- Жолдарды, құрылыстар мен құрылғыларды дамытудың, жаңғыртудың, жөндеудің перспективалық және ұзақ мерзімді, орта мерзімді және жылдық, индикативтік жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету;
- ұжым арасында профилактикалық-тәрбие жұмыстарын жүргізу.
- магистральдық теміржол желісінің құрылыстары мен құрылғыларын жөндеудің және ағымдағы күтіп ұстаудың озық технологиялық әдістерін енгізуді жүзеге асыру;
- жолды, құрылыстарды және жол құрылғыларын жөндеу жоспарларының орындалуын бақылау;
- өндірістік учаскелерде техникалық тексерулер жүргізуге қатысу;
- жоғары тұрған ұйымдардың нұсқаулары бойынша техникалық құжаттама, поездар қозғалысы қауіпсіздігі және профилактикалық жұмыс жөніндегі жоспарлар мен іс-шаралар жасау, олардың орындалуын бақылау.
- бұйрыққа сәйкес станциялық жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды бір айлық тексеру жүргізуді бақылау хаттамаларды ресімдеу, ақауларды уақтылы жоюды қадағалау.
- күрделі және аварияға қарсы жұмыстарға өтінім жоспарларын уақтылы ұсыну, олардың орындалуын бақылау, шаруашылық тәсілмен орындалатын күрделі жұмыстар бойынша қажетті құжаттарды ресімдеу.
- 13, 14, 15, 16-нысандар бойынша материалдар қозғалысының есебін және есептілігін жүргізу, жолдың жоғарғы құрылысының материалдарының түсуі мен жөнелтілуі.
- жылдамдықтардың жолдың техникалық жай-күйіне сәйкестігі мәселесін жүргізеді, жылдамдықты арттыруға және төмендетуге ұсыныстар жасайды, графикалық ескертулер әзірлейді.
- қысқы кезеңде жұмысқа жол қашықтығын дайындау бойынша жедел іс-шаралар жоспарын жасау және оның орындалуын бақылау.
Біліктілік талаптары:
- Білім жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Саладағы мамандық Құрылыс (Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; көпірлер және көлік туннельдері); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану; Құрылыс (Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; көпірлер және көлік туннельдері); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану; Құрылыс (Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; көпірлер және көлік туннельдері); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану; Құрылыс (Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; көпірлер және көлік туннельдері); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану;
- Жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарына кемінде 4 жыл.
Қосымша талаптар:
- Қазақстан Республикасының, оның ішінде Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы Инвестициялар және даму министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерін және ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін актілерді білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр