Электр энергиясын сатып алу жөніндегі бас маман

"Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамы филиалы - "Энергосбыт" Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
737

   Конкурс туралы

Электр энергиясын сатып алу жөніндегі бас маман

Міндеттері:

  1. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының, электр энергиясының көтерме сауда нарығында, электр қуаты нарығында және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында қызметтерді сатып алу шарттарының талаптарын келісу бойынша келіссөздер жүргізу.
  2. Жасалған шарттар аясында міндеттемелердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
  3. Электр энергиясын сатып алу-сатуға тәулiк сайынғы өтiнiмдердi қалыптастыру және оларды «KEGOC» АҚ ЭТН жүйесiне жүктеу;
  4. Электр энергиясын тұтынудың жедел және мәлімделген көлеміне талдау жүргізу;
  5. Шарттар талаптарына сәйкес қуатты реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің есебін жүргізу;
  6. Электр энергиясы мен көтерме сауда нарығының қызметiне ақы төлеудi жүргiзу үшiн мiндеттемелердi орындау паспортын қалыптастыру;
  7. Жасалған шарттар аясында төлемдердің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
  8. Электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын және қызмет көрсетудi жеткiзушiлермен өзара есеп айырысу туралы ақпарат қалыптастыру;
  9. Электр энергиясын сатып алу-сату көлемін салыстыру актілерін, электр энергиясының көтерме сауда нарығында көрсетілген қызметтер көлемін салыстыру актілерін және салыстырудың қаржылық актілерін келісу;
  10. Есепті кезеңде көтерме сауда нарығында электр энергиясы мен қызметтерді сатып алуға арналған нақты көлемдер мен шығыстар бойынша ақпарат дайындау;
  11. Теңгерімсіздік шамаларын (теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату көлемін және теңгерімдеуші нарық аясында теріс теңгерімсіздіктерді) және т.б. есепке алуды және талдауды жүзеге асыру.

 

Талаптар:

 Электр энергиясын сатып алу жөніндегі бас маманның жоғары экономикалық немесе техникалық білімі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл/электр энергиясын қамтамасыз ету/өткізу саласында кемінде 3 жыл немесе Серіктестікте кемінде бір жыл болуы тиіс.

  Еңбек жағдайлары:

Қалыпты