GST - Ауасыз бүріккіш бояу сырлаушысы

Абу-Даби Порты (Abu-Dhabi Ports) Абу-Даби
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
24

Қаралған саны:
1390

   Конкурс туралы
Функционалдық міндеттер:
  • Сырлау шеберінің көрсетуі бойынша және нұсқаулығына сәйкес бүріккішпен сырлау жұмыстарын атқару / L3;
  • DMES талаптары мен жобаларына сәйкес бүріккішпен сырлау жобаларын атқару.
Негізгі міндеттері:
  • Беттерді қысыммен жуу, тегістеу және тазалау арқылы бояуға алдын ала дайындау;
  • Қорғаныс маскаларын детекторларға, желдеткіштерге, датчиктерге, талшықты құрылымдарға және бояуды қажет етпейтін басқа беттерге орнату;
  • Биік жерлерге шығу үшін сәкілерді, құрылыс баспалдақтары мен арқанды техникаларды қолдану;
  • Бүріккіш аппараттың көмегімен қабырғаларды, болат құрылыстар мен төбелерді бояу;
  • Бояумен және еріткішпен жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларын сақтау;
  • Қажетті материалдар мен олардың мөлшерін өлшеп, есептеу;
  • Қоршаған ортаны, денсаулықты қорғау талаптары мен қауіпсіздікті үнемі сақтауды қамтамасыз ету.
Талаптар:
  • Бояумен жұмыс істеуге жарамды рұқсат куәлігі;
  • Орта мектепті бітіргені туралы аттестат болуы керек;
  • Ағылшын тілінде ауызша қарым-қатынас жасай алуы керек;
  • Мұнай-газ саласында кемінде 2-3 жыл жұмыс тәжірибесі болу керек;
  • Бояуларды араластыру техникаларын жақсы білуі керек және бөлшектерге мұқият қарауы керек;
  • Қол мен көз координациясы тамаша болу керек;
  • Сұралған түстер мен әрлеуге дәл сәйкес келетін тозуға төзімді жабындар жасай алуы керек;
  • Құралдарды дұрыс таңдай алуы керек;
  • Құралдарды тексере білуі керек;
  • Құралдарды күтіп, сақтай алуы керек;
  • DMES мүддесі мен саясатын ұстануы керек;
  • Коммуникативті және тұлғааралық дағдылары болу керек;
  • Шешім қабылдай алатын, қайсар, өзіне сенімді болуы керек;
  • Жоспарлай және бақылай алуы керек;
  • Ресурстарды бақылау.
Шарттар:
  • Нақты жұмыс орны: Абу-Даби (БАӘ);
  • Ауысымдық кесте;
  • Жалақы шамамен 1400 AED (дирхам); (171.000 тенге)
  • Тұру және тамақтану ақысын компания төлейді.

Қажетті қабілеттер

  • покраска
  • политика DMES
  • Работа в нефтегазовой сфере

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж