Лесомонтажник

Абу-Даби Порты (Abu-Dhabi Ports) Абу-Даби
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
39

Қаралған саны:
2054

   Конкурс туралы
Функционалдық міндеттері:
  • Ғимараттар мен құрылыс алаңдарындағы қызметкерлер биіктіктегі жұмыстарын қауіпсіз атқара алуы үшін, уақытша металл сатыларды монтаждау және демонтаждау, сонымен қатар салынып жатқан, қайта жаңғыртылып немесе бұзылып жатқан ғимараттардың айналасына н.емесе ішіне баспалдақтар орнату.  
Негізгі міндеттері:
  • Еңбек қауіпсіздігін басқару талаптарына (OSHA) сәйкес қажет болған жағдайда қоршаулар, сүйеніштер мен басқа құлап кетуден қорғау құралдарын орнату;
  • Құрылыс сатыларында жарық, сынық, бұрандалардың жоқ болуы, бекітілмеген тақтайлар сияқты және т.б. қауіпсіздік ақауларының бар-жоқтығын анықтау үшін қарау;
  • Жұмысты атқаруға қажетті материалдардың мөлшерін есептеу, мысалы, кескіш материалдар мен шегелер;
  • Материалды қажет жеріне көтеретін крандарды, шанышқылы жүк тиегіштерді, тегершіктерді, көтергіштерді және басқа да механизмдерді басқару;
  • Құрылыс сатыларында ақаулардың бар-жоғын тексеру және қажет болса, тақтайларын ауыстыру;
  • Тротуар, қоршаулар, жертөле мен бассейн қабырғалары сияқты конструкцияларға арналған бетон құю және ағаш қалыптарды орнату;
  • Құрылыс сатыларымен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникаларының ережелерін сақтау, атап айтқанда, бетперде тағы және қауіпсіздік белбеулерін пайдалану;
  • Құрылыс жетекшісі ұсынған сызбалар негізінде тіректерді орнату орнын анықтау;
  • Саты тіректерін, бағаналарын, траверстер мен көлбеу тіректерін орнату.
Талаптар:
  • Орта білімі туралы дипломы немесе баламасы;
  • Құрылыс сатыларын құрастырушы ретіндегі расталған жұмыс тәжірибесі;
  • OSHA сертификаты;
  • Сызбалар мен үлгілерді оқи және түсіне алуы керек;
  • Ағылшын тілінде ауызша және жазбаша сенімді қарым-қатынас жасай алуы керек;
  • Мұнай-газ өндірісінде кем дегенде 2 жыл тәжірибесі болуы керек;
  • Қажетті құрылыс сатыларының түрін анықтау және қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін сызбаларды немесе жұмыс тапсырмаларын оқу және түсіндіру;
  • Жиналмалы сатыларды қамыттың, бұранданың және басқа да бекіткіш элементтердің көмегімен құрастыру;
  • Жұмыс платформасын жасап, оларды қажетті жерге бекіту үшін, саты тақтайларын орнату;
  • Бөлшектерге мұқият қарау және қауіпсіздік техникаларын сақтау;
  • Мықты, төзімді және епті болуы керек;
  • Сатыларды тұрақтандыру үшін, тіреуіштерді, көлбеу тіректер мен қоршауларды орнату;
  • Дайын сатылардың қауіпсіздік стандарттары мен көтеру қабілеттілігінің талаптарына сай екенін тексеру;
  • Пайдаланып болған соң, сатыларды демонтаждау және барлық материалдарды қоймаға апару;
  • Құрал-саймандар мен құрылғыларды таза, қалыпты күйінде сақтау. 
Шарттары:
  • Нақты жұмыс орны: Абу-Даби (БАӘ);
  • Ауысымдық жұмыс;
  • Жалақы шамамен 1200 AED (дирхам); (146.000 тенге)
  • Жататын жер мен тамақты компания төлейді.

Қажетті қабілеттер

  • Сертификация OSHA
  • Умение читать и интерпретировать чертежи и эскизы
  • опыт работы в качестве сборщика строительных лесов

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж