Корпоративтік даму және тәуекелдер басқармасының бас менеджері
«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуін үйлестіруді және тұжырымдамасын жетілдіруді жүзеге асырады;
- Тәуекелдерді басқару комитетінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
- Компанияда тәуекел-тәбетті анықтауды және белгілеуді қамтамасыз етеді;
- Негізгі тәуекелдерді анықтауды қамтамасыз етеді;
- Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
- Тәуекелдерді сәйкестендіру және оларды бағалау процесін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
- Іске асырылған тәуекелдер мен әлеуетті тәуекелдер бойынша деректер базасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
- Тәуекелдерді басқару бойынша бақылау іс-шараларын әзірлеуді/енгізуді қамтамасыз етеді;
- Тәуекелдер бойынша құжаттаманы уақтылы дайындауды және тиісті ресімдеуді қамтамасыз етеді;
- Корпоративтік басқару, орнықты даму саласындағы жоспарларды және олардың орындалуына мониторингті қалыптастырады;
- Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің, өндірістік Департаменттердің басшы қызметкерлерінің, құрылымдық бөлімшелер басшыларының қызметінің негізгі көрсеткіштерін әзірлейді және олардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
- Ішкі аудит қызметінің аудиторлық тексерулерін үйлестіреді, ішкі аудит қызметінің ұсынымдарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
- Компания қызметінің қорытындылары туралы жылдық есеп әзірлейді;
- Компанияның ішкі нормативтік құжаттарын әзірлейді;
- Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты орналастырады.
Талаптар:
- Жоғары білім (Құқықтану, менеджмент, Қаржы-экономикалық, техникалық). Қолданыстағы сертификаттардың болғаны жөн:- ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001, ISO 37001 менеджмент жүйелері бойынша аудитор;- ISO 31000 Risk Manager.
- Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі-кемінде 4 жыл, сондай-ақ басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл қоса алғанда.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр