Су асты операцияларының бастығы

Абу-Даби Порты (Abu-Dhabi Ports) Абу-Даби
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
1219

   Конкурс туралы
Функционалдық міндеттер:
  • Сүңгу жұмыстарын орындау үшін жауапты тұлға (DPIC) тағайындайды. Сүңгу жұмыстардың үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін, сүңгу жұмыстарының және кемені өңдеудің барлық кезеңінде тәжірибесі мен білімі болуы керек.
Негізгі міндеттері:
  • Жоба жетекшісімен өзара қарым-қатынас;
  • Сүңгу жұмыстарын жүргізуге рұқсаты және кемеге кіруге рұқсаты болуын қамтамасыз ету;
  • Сүңгу жұмыстары суперинтенданты сүңгу жұмыстарын жоспарлауға және орындауға, соның ішінде персоналға, қауіпсіздікке, клиентпен байланысқа, кемені айдынға шығаруға, логистикаға, техникалық қызмет көрсету; бағдарламасына, жұмыс бағдарламасына, барлық сүңгу және сүңгу жұмысына байланысты іс-шараларға, сондай-ақ теңіздегі жобаға байланысты тіршілікті қамтамасыз етуге жауапты;
  • Өңірлік билік органдарының, тапсырыс беруші өкілінің талаптары бойынша қолданыстағы стандарттар мен ерекшеліктерге сәйкес барлық жұмыс түрінің сапасын бақылау;
  • Кеме капитанымен және сүңгу жұмыстарының жетекшісімен кемені жұмыс алаңына орналастыруды келісу;
  • Арқандап байлау жоспары жұмыс орнындағы жағдайларды ескере отырып әзірленуін қамтамасыз ету;
  • Сүңгу жұмыстарын жүргізу үшін кемені арқандап байлау қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Сүңгу жұмыстарының жобалық жоспары / Тәуекелдерді бағалау және WMS жүйесі талаптарының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бойынша кездесулерге қатысу;
  • Барлық операциялық іс-шара тиісті заңнамалық нұсқауларға, сондай-ақ DMES/IMCA саясаты мен процедураларына сәйкес келуін қамтамасыз ету;
  • Барлық түзету шараларын жүзеге асыру және қызметкерлерге, жұмыс алаңы мен қосалқы жабдықтарға қатысты құжатталған аудиттер, тексерулер немесе оқиғалар нәтижесінде анықталған барлық сабақты беру;
  • «Оқиғалар мен жарақаттар туралы есеп» стандартына сәйкес барлық оқиға, соның ішінде оқыс жағдайлар туралы есеп беру;
  • Жоба жетекшісінің талаптарына сәйкес күнделікті есепті дайындау  немесе өкілеттіктерді беру.
Талаптар:
  • Тиісті саладағы техникалық диплом немесе тиісті саладағы кәсіптік білім туралы сертификаты бар орта білім туралы аттестат, Жалпы бейіндегі сүңгу; жұмыстарында 10 жыл тәжірибесі, ADCI / IMCA сүңгу жұмыстары бойынша супервайзер сертификатын алғаннан кейін басшылық қызметте кемінде 5 жыл;
  • Сауаттылық пен санаудың бастапқы деңгейі, ағылшын тілінде сөйлесе алуы;
  • Жұмыс тәжірибесі 7 - 8  жыл;
  • Сеніп тапсырылған учаскедегі барлық қызмет түрін бақылау;
  • Сыпайылық пен кәсібилік.
Шарттар:
  • Нақты жұмыс орны: Абу-Даби (БАӘ);
  • Ауысымдық кесте;
  • Жалақы шамамен 22 000 AED (дирхам).

Қажетті қабілеттер

  • IMCA
  • ADCI
  • Проведение водолазных работ
  • Оценка рисков и системы WMS

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж