Ақпараттық технологиялар департаментінің менеджері

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
23

Қаралған саны:
1690

   Конкурс туралы

Міндеттірі:

- Техникалық қолдауға бағытталған барлық өтінімдердің тізімін қалыптастыру;
- Шешілген өтінімдердің өлшемдерін техникалық қолдау шарттарының талаптарымен салыстыру;
- Техникалық қолдау жұмысының тиімділігі бойынша аналитикалық жазбалар жасау.
- Рұқсат құжаттарын алу мерзімдерін бақылау және шарттың талаптарына сәйкес төлемдерді ұйымдастыру;
- Ақпараттық технологиялар және цифрландыру жобалары бойынша жұмыс құжаттамасын қабылдау және тексеру.
- Компьютерлік жабдықтар мен ақпараттық жүйелерді сатып алу бойынша жылдық және ұзақ мерзімді сатып алу жоспарын жасау;
- Контрагенттермен жасалған шарттарды талдау;
- Өткізілген кездесулердің нәтижелері бойынша контрагенттердің маркетингтік ақпаратын жинау;
- Жасалған шарттар мен кездесулер бойынша контрагенттердің тізімін қалыптастыру;
- Сатып алу жоспарының орындалуын және бюджетті игеруді талдау;
- Сатып алу және бюджеттік тәртіпті сақтау бойынша талдамалық жазбалар жасау.
- Ақпараттық жүйелерді техникалық қолдау жөніндегі шарттардың талаптарына сәйкес 1С және басқа жүйелер бойынша техникалық қолдау құрамын қалыптастыру;
- Жалпы техникалық қолдау тізіміне ақпаратты, сатып алынған қызметтер бойынша мамандардың байланыстарын қосу;
- Ат және цифрландыру саласындағы Жобаларды басқару және іске асыру;
- Жобалық құжаттаманы жүргізу;
- Аудиторлар мен басқа органдардың сұранысы бойынша ақпараттық жүйелерден деректер мен файлдарды жинау;
- Ақпараттық жүйелерді дамыту бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмыс кеңестерін ұйымдастыру.

Талаптар:

  • Жоғары кәсіптік білім. (Ақпараттық технологиялар)  
    Кәсіби саладағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
  • Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып жұмыс істей білу;
    Жұмысты жоспарлау дағдылары;
    Команда құрамында жұмыс істеу дағдылары;
    ЕҚ, МҮ және АБЖ ТП бойынша техникалық құжаттаманы әзірлеу және талдау.
    Жобаларды басқару саласындағы сертификаттар (IPMA D/C немесе PMP)

Шарттар:

  • ҚР ЕК сәйкес ресімдеу
  • Сынақ мерзімі-3 ай
  • Бес күндік жұмыс аптасы 9:00-ден 18:30-ға дейін