Екібастұз ст. өрт сөндіру пойызының өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі (ГАЗ -131 негізіндегі АЦ-31)

от 191793
Павлодарское отделение магистральной сети Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
1161

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

1.Өрт сөндіру поезының жарақтауында тұрған өрт сөндіру техникасының, оған бекітілген өрт сөндіру автомобилінің материалдық бөлімін, техникалық мүмкіндіктері мен пайдалану ережелерін, сондай-ақ өрт сөндіру поезының (қызмет көрсету телімінің) шығу ауданын, су көздерін, су құю пункттерін, өрт сөндіру поезының қызмет көрсететін телімдерінде тұрған ғимараттар мен құрылыстардың жолдары мен өтпелерін білу
2Өрт сөндіру кезінде, сабақтарда және қызмет атқару кезінде, өрт-техникалық жабдықтармен жұмыс істеу кезінде еңбек тәртібін, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.
3Өрт сөндіру техникасының сынуы мен ақауларының алдын алу, егер олар пайда болса, онда олар туралы қарауыл бастығына баяндау және оларды жоюдың  дереу шараларын қабылдау
4Кезекшілік бойы қызмет көрсетілетін телімде қалыптасатын жағдайды зерделеу мен білу және қарауылдың жауынгерлік дайындығын арттыру мен қарауылдың қызмет атқаруы бойынша өрт сөндіру поезының қарауыл бастығы әзірлейтін іс-шараларды орындау.
5Ауысымға кіріскен кезде (ауысымды тапсырушы жүргізушімен бірлесіп) өрт сөндіру автомобильінің сыртқы жай-күйін, қозғалтқыштың жұмысын, арнайы, сигналдар мен басқа да агрегаттардың және механизмдердің түзулігін, тізімдемеге сәйкес, Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелердің және Өрт сөндіру техникасын пайдалану жөніндегі нұсқаудың талаптарына сай ӨТЖ және жабдықтың бар болуын, ЖЖМ мен өрт сөндіру құралдарының бар болуын тексеру. Қабылдау нәтижелері туралы қарауыл бастығына баяндау

Біліктілік талаптары:

Білім

мамандығы бойынша мамандандырылған орта даярлығы  С1,С1Е,С, СЕ  санатынан төмен емес жүргізуші куәлігінің болуы

Жұмыс тәжірибесі

кем дегенде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім