«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» жолаушылар тасымалының аудандық филиалы кадр бөлімінің инспекторы

252549 - 261440
Региональный филиал по пассажирским перевозкам "Южный" Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
32

Қаралған саны:
949

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • бекітілген аумақтың жеке құрамының есебін жүргізу; - еңбек заңнамасына, нормативтік құқықтық актілерге, Филиал директорының нұсқаулары мен өкімдеріне сәйкес Филиал қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды уақтылы рәсімдеу;
  • қызметкердің ағымдағы және бұрынғы еңбек қызметі туралы анықтамалар беру, еңбек кітапшаларын сақтау және толтыру және жеке құрам бойынша белгіленген құжаттаманы жүргізу, сондай-ақ Филиал қызметкерлерін көтермелеу мен марапаттауларға ұсыну үшін материалдарды дайындау бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • демалыс кестелерін жасау және орындау бойынша жұмыстарды жүргізу, Филиал бөлімшелеріндегі еңбек тәртібінің жай-күйін және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібін сақтауын қадағалау;
  • тиісті деректер қорына қызметкерлердің сапалық және сандық құрамы туралы ақпаратты уақытылы енгізу; - бөлім қызметкерлерінің қаржыландыруға өтінімдерін Филиалдың бухгалтериясына уақтылы беруін қамтамасыз ету; - айлық және жылдық есептерді дайындау және қалыптастыру үшін ақпаратты дайындау; - еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын есепке алуды қадағалау;
  • атқарылатын функционалдық міндеттердің ауқымына қатысты азаматтардың
    бақылау хаттары мен өтініштеріне жауаптар дайындау.
Біліктілік талаптары:
  • Білім тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары кәсіби
  • Саладағы мамандық Көлік, көліктік техника және технологиялар; Көлікті тасымалдауды, қозғалысын және пайдалануын ұйымдастыру; Есеп және аудит; Қаржы; Экономика; Басқару; Маркетинг; Құқықтану.
  • Жұмыс тәжірибесі қызмет саласында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі (HR саласында)

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр